Әлеумет

Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты

EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді.

Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру және ағарту ісі, энергетика, су, өнеркәсіп және құрылыс, цифрлық, инновациялық әрі өңірлік даму секілді бағыттармен шұғылданатын ведомствоаралық командаларды жасақтады. Бұл нақты саладағы белгілі бір міндетке баса назар аударып, анағұрлым жылдам әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button