Денсаулық

Қатерлі ісіктен қалай қорғанамыз?

Адам папилломавирусы (HPV) – адам ағзасының әртүрлі мүшесіне әсер ететін тері мен шырышты қабықтарды жұқтыруға қабілетті кең таралған вирус. Медициналық зерттеулерге сәйкес, HPV-нің 200-ден астам түрі белгілі. Онкогендік қаупі жоғары санатқа жататын 14 түрі ерекше алаң тудырады, олар шырышты қабаттар арқылы беріліп, жатыр мойны обыры сияқты қатерлі ісікті, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін.

Көбіне HPV инфекциясы асимптоматикалық болады. Алайда вирустың кейбір түрлері созылмалы түрге айналуы мүмкін, бұл қатерлі ісікке әкеп соқтырады. Әдетте, процесс 15-20 жылға созылады. Неге назар аудару керек? Негізгі алаңдаушылықтың бірі – онкогендік қаупі жоғары HPV тудыратын жатыр мойны обыры. Бұл ауру Қазақстандағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Негізінен, 20-45 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі. Жатыр мойны обырының тиімді скрининг бағдарламалары жоқ елдерде мұндай жағдайларды анықтау ықтималдығы жоғары.

Вакцинациядан кейін дене HPV инфекциясына иммундық реакцияны күшейтетін антиденелер шығара бастайды. 9 жастан бастап вакцинация ұсынылатынын ескере отырып, қатерлі ісікке әкелуі мүмкін онкогендік қаупі жоғары HPV түрлерінің көпшілігінен қорғау­ды қамтамасыз етуге болады. Дегенмен вакцинация аурудың барлық түрінен толық қорғау­ға кепілдік бермейтінін есте ұстаған жөн. Сондықтан жатыр мойны обырына скрининг әйелдер үшін өте маңызды.

Скрининг – жатыр мойны обырын ерте анықтауға мүмкіндік беретін қайталама алдын алу шарасы. Тұрақты медициналық тексеру мен мамандардың ұсынысын орындау ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігін арттырады. Денсаулығыңызға қамқорлық жасап, әл-ауқатыңыз үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз!

 Гүлмайра БАЛТАБЕК,

№13 қалалық емхананың акушер-гинекологы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button