#Күшіміз-бірлікте

Қауіп қана емес, тұтастыққа нұқсан келтіру

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды.

[smartslider3 slider=1727]

Іс-шараға Парламент қос палатасының басшылары, Премьер-министрдің міндетін атқарушы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы, ҰҚК төрағасы, Премьер-­министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрлерінің міндетін атқарушылар қатысты. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанға нағыз лаңкестерді айдап салған күштерді атады.

Президент аталған тер­рорис­тік топтардың, шын мәнінде, шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық террористер екенін және олардың Қазақстанға жасаған шабуылын басқыншылық акті ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

«Осыған байланысты Қауіпсіздік алқасы жөніндегі шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террорис­тік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл қауіп қана емеc, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, Мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім. Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімдімін. Жұмылсақ, сөзсіз, жеңеміз» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы өз сөзінде террористердің агрессиясына ұшыраған ел азаматтарына үндеу жасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button