Жаңалықтар

Қауіп-қатерден сақ болыңыз!

Кеше ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер «Өрт қауіпті және суға шомылу маусымы кезеңдеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы» баспасөз конференциясын өткізді.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су айдындарында 154 адам (2018 жылы – 141), оның ішінде 58 бала суға батып кетті.
Қайғылы оқиғаның негізгі себептері – суға шомылу кезінде адамдардың өз күштерін жете бағаламауы, балаларды қараусыз қалдыру. Сондай-ақ 17 адам мас күйінде және 2 бала жүзе алмау салдарынан қайтыс болған.
Өткен жылмен салыстырғанда Ақмола (+12), Алматы (+9), Батыс Қазақстан (+9), Түркістан (+7), Қостанай (+6) облыстарында суға кеткен адамдар санының өсуі байқалады.
Қазіргі кезде күннің қатты ысып кетуіне байланысты судағы оқыс оқиғалар көп тіркелуде.
Өткен демалыс күндері (13-14 шілде) еліміздің су айдындарында 22 адам (оның ішінде 7 бала) қаза болды.
Республика аумағында өрт қау­пі де артып тұр. 2019 жылдың 5-12 шілде аралығында елімізде 265 орман-дала өрті тіркелді. Жалпы, өрт қаупі 5 дәрежеге белгіленсе, соның ең жоғары санаты республиканың барлық өңірлерінде қалыптасты.
Табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. Сондай-ақ орман-дала алқаптары мен демалыс орындарында 3 300-ден астам бірлескен рейд жүргізілді.
Нәтижесінде, қолданыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 558 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 2,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button