Жаңалықтар

«Қауіпсіз жол» апатты азайтады

1425147949_5

Астана қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының аясында күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істеуде.

Елорда жолдарында апатты азайту мақсатында қолға алынған жедел алдын алу шарасы 22 маусымға дейін жүргізіледі. Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, «Қауіпсіз жол» шарасын ұйымдастыру кезінде жол-патрульдік полициясының жеке құрамының қызметі күшейтіліп, қала көшелерінде жол қауіпсіздігін бақылайтын сақшылар көбейді.
Басқарма бастығының мәліметі бо­йын­ша, үстіміздегі жыл басынан бері жол қозғалысын қадағалау кезеңінде жол жүру ережесін бұзған 105,5 мың оқиға тіркелген. Оның ішінде жүргізушілер тарапынан болғаны – 94,5 мың. Ал көлікті мас күйінде айдаған 1 мың адам ұсталған. Әкімшілік жауапкершілікке жаяу жүр­гіншілер де тартылып, белгіленбеген жерден өткені үшін 11 мыңнан астам тұрғынға айыппұл салынған.

Айбүбі НҰРБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button