Басты ақпарат

Қауіпсіздік қорғаны – шегенделген шекара

Бүгінде мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы, Каспий теңізіндегі шекараны есептемегенде, 13500 километрге созылып жатыр. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, шығысында Қытаймен  шектеседi. Тарихи қысқа мерзім ішінде еліміз аталған мемлекеттермен арадағы шекараны межелеп, іргесін бекітті. Шекараның халықаралық деңгейде танылуы — Қазақстанның мызғымастығының кепілі. Сол шекараны шегендеуде әлем қауымдастығынан кепілдік іздеген  Елбасының орны қашанда ерекше.

Осыдан жиырма жыл бұрын ел тә­уел­­сіз­ді­гін жариялаған тұста іргелес көрші­лермен мемлекеттік шекараны айқындап, бекіту ұзақ уақытқа созылды. «Біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудан маңызды міндет жоқ»­ деген Президент тұтастығымызды қам­­та­масыз ету үшін шын мәнінде орасан­ жұмыстар атқарып, халықаралық қауым­дастықты мойындатты. Жиырма жылдың ішінде бүкіл шекарамыз – тату көршілік пен ынтымақтастықтың шекарасы деп ай­­тыл­уы бекер емес.

Күрмеуі қиын мәселе еді

Азаттықтың ақ таңы атқаннан кейін ше­­ка­ра түйткіліне қатысты екі мәселе бол­ды. Оның біріншісі – тарихи мұрагер­лік­ құқығы бойынша Кеңес Одағы құрамын­дағы Қазақ КСР-інің қолда бар аумағын жаңадан, халықаралық дәрежеде делимитациялап, бекіту. Екіншісі – үрдіс барысында туындаған  мәселелерді бейбіт жолмен ше­шу.

Мемлекеттік шекараны анықтау шарала­ры 1992 жылдан  басталып, 2005 жылға де­­йін басты үш бағыт бойынша жүргізілді.

Қытаймен шекаралық мәселелерді рет­­­­теу­ 1992 жылы қолға алынды. Екі ел ара­сын­дағы шекараларды делимитациялау ту­ралы келіссөздердің қорытындысы ретінде бес халықаралық келісімшарт жа­сал­­ды. Онда Қазақстан мен Қытай ара­­­­сын­­­­да­ғы шекара сызығы нақтыланып, ар­­нау­­лы сипаттама жасалды. Жұмыстары аяқ­­­тал­­ғаннан кейін тараптар шекараны демар­­кациялауға кірісті. 2002 жылдың  мамырында қол қойған Қазақстан–Қытай мемлекеттік  шекарасын демаркациялау­ ту­­ра­­лы хаттамада оның ұзындығы 1782­­ ша­­қырым деп көрсетілді. Осылайша, жүз­­деген жылдар бойы мойындал­май кел­ген­ біздің территориялық тұтастығы­мыз­­­ды шы­ғыс­тағы көршіміз мойындады, ке­лі­сім­ге келді. Қытаймен шекаралас он бес мем­ле­кеттің ішінде Қытай үкіметінің ке­лі­сі­­мімен толықтай шекара мәселесін тия­нақ­тап алған жалғыз мемлекет болса, ол – Қазақстан.

Кеңес Одағы кезінде одақтас респуб­ликалардың арасындағы шекара ішкі әкімшілік-аумақтық шекара ретінде белгіленіп, тек карталарда ғана көрсеті­ле­тін. Шекара бойында ешбір бөлу сызығы бол­маған.1999 жылдың қыркүйек айында Қырғыстан, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан республикасымен арадағы мем­­ле­кет­тік шекараны делимитациялау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде бұл мәселелер толығымен реттеліп, шешімін тап­ты. Қырғызстанмен шекара 1242 шақырымды, Түркіменстанмен – 426, ал Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрады.

Ең ұзын шекара

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара әлемдегі құрылықпен үздіксіз жүретін ең ұзын шекара. Оның жалпы ұзындығы — 7591 шақырым. Шекара бойын делимитациялау Каспий теңізінің жағасынан басталып, Еділ өзенінің шығысы бойын жағалай, Сарыарқа мен Сібір жазығының ортасын көктей өтіп, Қазақстан, Ресей, Қытай іргелері түйісетін тұста, Алтай тауының ең биік жоталарына же­те аяқта­лады. Мемлекеттік шекара туралы екі ел ара­­­­сын­дағы алғашқы хат­тама 1998 жылы ресім­­делді. Екі ел Президенттері 2005 жыл­­дың қаңтарында «Қазақстан-Ресей мем­­лекеттік шекарасы туралы» келісімге қол қойды. Бұл елі­мі­здің мемлекеттік  ау­ма­­ғын бекіту бойынша маңызды қа­дам еді. Осылайша, Қазақстан – Ресей мем­лекет­тік шекарасын халықаралық құқықтық тұрғыдан ресімдеу үрдісіне ең басты нүкте қойылды.

Аумақ тұтастығы айқын ел

Ел ағаларының он жыл ішінде елдің шебін белгілеп, іргесін бекіту бағытындағы атқарған жұмыстарының ең басты нәтижесі ретінде болашақ ұрпаққа халықаралық құқық нормаларымен қорғалған, бейбіт әрі тұрақты шекараны қалдыратынын атап өткен жөн. Бүгінде мемлекеттік шекараны нығайту жұмыстарымен бірге еліміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығын қамтамасыз ету міндеті абыроймен атқа­рыл­­ды. Ұлттық қауіпсіздігіміз бен алдағы талай мыңжылдықтарға жалғаса­тын тұрақты дамуымызға қажетті негіз толықтай қаланды. Төскейде малы қосы­лып, алыс-берісі мен барыс-келісінен жаңыл­маған іргелес көршілеріміздің барлы­ғы­мен бауырластық қарым-қатынас орнат­тық.

Біздің шекарамыз – достық пен тату көршілік шекарасы. Өйткені, ізгі ниетпен келген елдердің бәріне есігіміз айқара ашық.­

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button