Ел тынысы

Қауіпсіздікті нығайту назардан тыс қалмайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Полиция департаментінің басшылығымен бірігіп, ведомствоаралық комиссияның отырысында елордадағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты мәселелерді талқылады.

[smartslider3 slider=1638]

«Қала тұрғындары өзін қауіпсіз сезінуі керек. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүйелі негізде нығайту үшін материалдық-техникалық базаны жаңартып, қадамдық қолжетімділік аясында модульдік бекеттер ашамыз, полицияның тірек нүктелерін қалпына келтіреміз және тағы басқа іс-шараларды іске асырамыз. Мемлекет басшысы Жолдауында ішкі істер органдарын жаңғыртудың басымдықтары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшуді белгіледі. Мәселен, биылдың өзінде ғана қаланың әртүрлі ауданында 10 модульдік полиция бекеті орнатылып, учаскелік пункттерді орналастыру үшін тағы да осындай көлемде үй-жай берілді. Бұл жоспардан екі есе жоғары көрсеткіш» деді аталған жиында А.Көлгінов.

Сонымен қатар, қала басшысы осыған дейін Полиция департаментіне 65 бірлік арнайы техника берілгенін, Есіл ауданында жаңа әкімшілік ашылғанын, онда 400-ден астам қызметкер еңбек ететінін айтты. Жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында және жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек нүктелері ашылатынын мәлім етті. «Сарыарқа ауданында полиция департаментінің бөлімшесіне арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргіземіз. «Қауіпсіз аула» және тағы басқа жобаларды кеңейтуді жалғастырудамыз. Аталған шаралардың бәрі тұрғындарға жедел көмек көрсетуге, құқық бұзушылықты болдырмауға, қылмыстардың ашылуын арттыруға мүмкіндік береді» деп түсіндірді елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button