ЖаңалықтарҚоғам

Қауіпті кітаптарға тыйым салынды

Астана қаласында сот шешімімен тағы бірнеше діни кітапқа тыйым салынды. Астана қаласының Дін істері басқармасы мамандарының айтуынша, бұл кітаптардың маз­мұнынан азаматтардың діни сені­міне қайшы келетін, яғни, діни алауыз­дыққа жетелейтін тіркестер табылған.

priobreteniya_znaniy

– Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотының 2016 жылдың 15 ақпанындағы шешімі бойынша Чарльз Марштың «Делись своей верой с мусульманами», Қанат Орынтайұлы деген автордың «Призванные для великого учения», «История христианства в Центральной Азии и в Казахстане», «Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілдік тарихы» (авторы Манарбек Байеке – ред.) және Жомарт Темір және Ғалымжан Таңатқан атты авторлардың «Достойные ответы», «Лайықты жауаптар» деген кітаптарына тыйым салынып отыр. Бүгінгі таңда қаламыздағы барлық діни бірлестіктерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы ескертулер беріліп жатыр, – дейді Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұханов.
Мазмұны күдікті әдебиеттер көбінесе ел аумағына Пәкістан, Түркия, Сауд Арабиясы мен Египет елдерінен келеді екен. «Олар әуежайлар мен пошта қызметі арқылы Қазақстанға сәлемдеме түрінде жіберіледі. Басым бөлігі шетелде басылып шығады. Авторы мен басып шығарған баспаханалар туралы деректері көрсетілмейді. Тиражы да белгісіз. Осындай себептерге байланысты бұл кітаптардың елімізде қанша данасы айналымда жүргенін тап басып айту қиын»,   дейді Дін істері комитетінің ғы­­лы­ми-зерттеу және сараптау орталығында исламды зерттеу бөлімінің бас маманы Марлен Мүслімов.
Қазақ және орыс тілдерінде өте сауатты жазылған бұл оқулықтар бір қарағанда діни кітап болып көрінгенімен, мазмұнында өте жымысқы саяси-идеологиялық астар жатады. Оны арнайы мамандар болмаса, қарапайым оқыр­мандар аңғармай қалуы мүмкін. Алайда кейбіреулерінде діни алауыздық пен адамның наным-сеніміне қайшы келетін жазбалар ашықтан-ашық уағыз­далып жатады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button