Құқық

Қауіпсіздік – қатаң бақылауда

Астана қаласы №1 Талғат Бигелдинов атындағы мектеп-лицейінде  қалалық Білім басқармасы және Полиция департаментінің ұйымдастырумен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шұғыл кеңес отырысы өткізілді.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық оқиғалар мен келеңсіз жайттарды алдын алу және болдырмау, педагогтардың, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған отырысқа мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиын Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өтіп, ол өз сөзінде кейінгі кездері қоғамда байқалып жатқан оқиғалар бала тәрбиесіндегі олқылықтарға, адам түршігерлік цифрларға бейжай қарамай, жасөспірімдер арасындағы келеңсіздіктерді алдын алуға жұмыла кірісу қажетін атады.

Іс-шара барысында жасөспірімдермен кездесуде қозғалатын тақырыптар пысықталып,  жауапты ведомства мүшелері бекітілді. Бұдан кейін ведомства мүшелері қала бойынша аудандарға бөлініп, жетпіске жуық білім беру ұйымдарының жасөспірімдерімен кездесіп қылмыстық істі алдын алуға бағытталатын түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай кездесулердің бірі қалалық C.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде өтті.

– Қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтап, бейтаныс адамдармен араласпай, үнемі ата-анамен тығыз қарым-қатынасты орнатқан жөн. Әлеуметтік желілерде де қандай да бір ақпарат не суретті бөлісерде абай болу маңызды. Оқушылар арасында жәбірлеу буллинг мәселесі де жоқ емес. Мұндай әрекеттер жәбірленушінің өмірінің соңына дейін жадында сақталуы мүмкін ауыр психологиялық жарақатқа әкеледі, басқаларға агрессияны тудырады. Қолданыстағы заңдарға сәйкес 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау, ұрлау, тонау, бопсалау, тонау, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық және т.б.) жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Осы қылмыстарды жасағаны үшін санкциялар 5 жылдан 20 жылғы дейінге мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Қазіргі уақытта жасөспірімдерге қатысты топтасып төбелесу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу нәтижелері бойынша бұл істер шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетініне назар аударғым келеді.Сонымен қатар, биыл қылмыс жасаған 6 кәмелетке толмаған бала бас бостандығынан айырылды. Көбінесе мектептер мен көшелерде қорқыту бопсалаумен бірге жүреді. Бопсалағаны үшін баптың санкциясы 13 млн. теңгеден астам айыппұл түріндегі жазаны не 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Осыны ескере отырып, барша жасөспірімді заңға қайшы әрекеттерден сақтандырғым келеді, өйткені заң барлығына ортақ, – деді елордалық Полиция департаментінің Алматы ауданы бойынша бастығының бірінші орынбасары Марат Өмірбаев.

Индира Бержанова

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button