ӘлеуметЖаңалықтар

Қазан айынан жаңа жәрдемақы

Келесі айдан мүгедектігі бар азаматтар жаңа жәрдемақы алып, мүгедек балаларға шипажайға тегін жолдама беріледі.
2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданған еді. Ұлттық жоспар 7 бағытты қамтиды, 64 іс-шарадан тұрады, оны 7 орталық мемлекеттік орган іске асырады. Ұлттық жоспарды іске асыру үшін Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруде.

[smartslider3 slider=228]

Атап айтқанда, соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 қаулысына, Ұлттық банк басқармасының 1 қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгерістер енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Жақында Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Заңда 19 түбегейлі түзету қамтылған және 16 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді көздейді. Заң нормаларын жүзеге асыру үшін осы және келесі жылға 55 млрд теңге бөлінді. Келесі айдан бастап мүгедек адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button