Шаһар шежіресі

Қазақ әдебиеті өкілдері – тың төсінде

Бұл сурет қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Дихан Әбілев пен ­Сағынғали Сейітов 1977 жылы Целиноград қаласына шығармашылық сапармен ­келгенде түсіріліпті.

Әйнегі – күн,

шатыры – аспан,

Кең дала…

Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке

күміс шашқан,

Қазақстан – Республикам менің! – деп жырлаған Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол көпшілікке Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен жазған трилогиясымен кеңінен таныс.

Ал Сағынғали Сейітов – тек ақын ғана емес, өмірінің бір бөлігін ғылымға арнаған әдебиет зерттеушісі.

Қиялдың қиясына

өлең түнеп,

Шабыттың толғатқанын

келем тілеп.

Асығам кіндік қаным

тамған жерге,

Жүрегім дүрсілдейді Өлеңті деп. Міне, туған жерін шайыр өле-өлгенше осылай жырлап өтті.

Осы сапарында қос ақын облыстың аудан, ауылдарын аралап, қарапайым еңбек адамдарымен де кездескен. Олардың тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл адамдарына жаңа туындыларын оқыған. Оқырмандарға қолтаңба берген.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button