Мәдениет

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Астана қаласы Білім басқармасының және Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен ақын, жазушы, қоғам қайраткері қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты республикалық аймақтық фес­тиваль өтті.

Шараға республиканың түкпір-­түкпірінен, атап айтсақ, Астана қала­сының педагогтары және Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының педагогтары мен білім алушылары, республика көлеміндегі С.Сейфуллин есімі берілген білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары, ЖОО оқытушы профессорлары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Фестиваль аясында ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің құнды пікірлері тыңдалып, педагогтар мен білім алушыларға арналған байқаулар ұйымдастырылып, республика көлеміндегі С.Сейфуллиннің есімі берілген мектептердің ерекшеліктері және Сәкен мұражайлары мен кабинеттерінің білім алушылар мен педагогтардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттырудағы құндылықтарын дәріптейтін телекөпір өтті.

– Бүгінгі шарамыз Қазақстан Респуб­ликасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылы 30 шілдедегі №194 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мұндағы мақсат – Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын, әдеби мол мұрасын жаңғырту, насихаттау, талантты, шығармашыл оқушыларды анықтап, педагогтардың тәжірибе алмасуына көмектесу. Сондай-ақ С.Сейфуллин шығармаларын оқу, мазмұнын ашу, құндылықтарын дәріптеу, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау әрі педагогтар мен білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту жұмыстарын сүйемелдеу, – дейді Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысының орынбасары Жангелді Амирғалиев.

Фестивальде «Сыр сандықты ашып қара» атты педагогтарға арналған шеберлік сағаты өтті. Одан кейін олар «Адам – керуен, өмір – жол» педагог-ақын мүшәйрасы және «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы…» ақын шығармасына («Көкшетау» поэмасы негізінде) комикс білім алушылар байқауы, «Saken Seifullin «Thorny path» оқушыларға арналған booktrailer, «Сәкеннің сырлы әндері» білім алушылар байқауы, «Жалпыадамзаттық ұлттық құндылық дәріптеудегі Сәкен шығармаларының маңызы» педагогикалық оқу қатарлы бағыттар бойынша сынға түсті. Соңында фестиваль жүлдегерлері мен қатысушыларына арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button