Мәдениет

Қазақ басылымдарының бүгіні мен болашағы қандай?

Ұлттық академиялық кітапханада Бас редакторлар клубы мен «Elorda Aqparat» ЖШС-нің қолдауымен белгілі журналист әріптесіміз, «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» кітабының тұсаукесері өтті.

[smartslider3 slider=2882]

Автордың осыған дейін «Аласапыран Америка» және «Тәуелсіздік – тұмарым» атты кітаптары жарық көрді. Ал жаңа еңбегі оқу құралы ретінде «Mazmundama» баспасынан шығып, оқырманға жол тартты. Магистрлік диссертация­сын кітапқа айналдырған журналист бүгінгі баспасөздегі өзекті мәселені қозғайды. Тұсаукесерде сөз сөйлегендер осыны атап өтіп, керек кезінде жазылған кітап деген пікірлерін айтты.

Бұл қатарда Бас редакторлар клубының президенті, Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп және Жанарбек Әшімжан, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, «Astana aqshamy» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Мұратбек Тоқтағазин, академик Кәрімбек Құрманәлі, публицист Шархан Қазығұл, филология ғылымдарының докторы Сәуле Тапанова, ардагер радиожурналист Күләш Молдахметова, IT маманы, абайтанушы Сұлтан Ыбырай, медиамаман Мейрамхан Жәпек, ақын, аудармашы Нұрлан Әбілдин болды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, белгілі әнші Айтбек Нығызбаев пен осы оқу орнының студенті Бауыржан Марксов, әнші, журналист Жасұлан Наурызбайұлы шараны әсем әндермен әрледі. Тұсаукесер тізгінін журналист Ернат Мелсұлы ұстады.

Кітаптың алғысөзін автордың ұстазы, академик, ­М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай жазды. Оқу құралы «Заманауи цифрлық технология және БАҚ», «Қазақстан баспасөзінің ертеңі: интернет пен классикалық журналис­тиканың интеграциясы» аталатын екі бөлімнен тұрады. Тұсаукесер соңында оның жазылу тарихына тоқталған автор қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button