Жаңалықтар

Қазақ боксшылары қарқынды

Сербия астанасы Белградта бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары сәтті өнер көрсетуде.

[smartslider3 slider=510]

Байрақты бәсекенің екінші күні осы чемпионаттың ең тартысты да қызықты жекпе-жегі өтті. 51 келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Сәкен Бибосынов пен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы өзбекстандық Хасонбай Дусматов қолғап түйістірді. Екі мықтының айқасында қазақ боксшысы өзінен әлдеқайда тәжірибелі өзбек боксшысынан айласын асырып кетті. Төрешілер алқасы бірауыздан Сәкен Бибосыновтың жеңіске жеткенін мақұлдады.
Сондай-ақ алғашқы жекпе-жектерін өткізген Серік Теміржанов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (67 кг) және Нұрқанат Райыс (75 кг) өз қарсыластарынан басым түсті.
Әлем чемпионаты 6 қарашада аяқталады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button