Ақтаңдақтар ақиқаты

«Қазақ елі» алаңы

Елорданың төріндегі бұл алаңды «Тәуелсіздік алаңы», «Қазақ елінің бас алаңы» деп атайды. Алматы ауданында орналасқан алаң формасына қарай тік төртбұрышқа ұқсайды. Ол Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Көлденең бағытта алаңның бір шеті Ахмет Байтұрсынұлы және Жұмекен Нәжімеденұлы көшелерімен қиылысып жатыр.

[smartslider3 slider=1545]

Алаңның тура ортасында тәуелсіз Қазақстанның азаттығы мен гүлденуінің символы – «Қазақ елі» монументі тұр. Алаңның айналасында елорданың еңсесін тіктеп тұрған Әзірет Сұлтан мешіті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Бейбітшілік қабырғасы, Тәуелсіздік сарайы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік парк орналасқан.

Бұл алаң 2009 жылы «Қазақ елі» монументін тұрғызумен бір мезгілде пайда болды. Монументтің жанында бірнеше мүсіндік бейнелер және субұрқақтар бар. 2015 жылы қыркүйек айында осы алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Сол мерекелік шаралар кезінде алаң тарихи ауылдың бейнесіне өзгерді.

Сонымен қатар, «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күні және Конституция күніне орай әскери шерулер өткізілді. 2015 жылы 7 мамырда өткен Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру кезінде Жеңіс Туының көшірмесі алаңнан салтанатты түрде көрсетілді. Наурыз мейрамында да бұл алаң мерекелік іс-шаралардың көрігі қызған жерге айналады.

2018 жылы Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсынан, «Қазақ елі» монументінің іргесінен бой көтерген нысанды елорданың 20 жылдығына Ақтөбе облысы тарту етті.

Сәулетшілердің ойынша, біртұтас болып біріктірілген қабырға жер бетіндегі халықтарды қорғап тұратын жапырақ тәрізді шатырды бейнелейді. Әрі дәстүрлі түрік құрылтайының белгісімен ұлттарды ұйыстырып, бір шаңырақтың астына жинайды. Металл мен табиғи тастардан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – бөлшектеу мен оқшаулауды, екіншісі – үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтауға апаратын жолды бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы – 111 метр, ені – 18,4 метр, биіктігі – 17,5 метр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button