Мәдениет

«Qazaq eli» – зияткерлік ойын

Ұлттық музейде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында туындаған Қазақстан тарихын оқып-түсінуге септігін тигізетін «Qazaq eli» атты зияткерлік ойын жобасының таныстырылымы өтті.

[smartslider3 slider=1315]

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ» деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
сөзі Отан тарихын зерттеу ісін жаңғыртуға үлкен серпіліс берді. Жас ұрпақтың ел тарихын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту жолдарын қарастыру барысында туындаған «Qazaq eli» зияткерлік ойынының жаңашылдығы – білім беруде әлемдік стандартқа сай ақпараттық технология жетістіктері мен инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану.

Аталған ойын авторы – Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Дархан Қожамсейіт.

Ойын мақсаты – жасөспірімдер мен ересектердің, тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану арқылы, эрудиция­сын дамыту және еліміздің тарихына қызығушылығын арттыру. «Qazaq eli» зияткерлік ойынын кез келген ортада, түрлі жағдайларда ұйымдастыруға болады. Мұғалімдер сабақ үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда, отбасы ортасында, достар арасында, қосымша білім беру орталықтарында қолдануға болады. Әсіресе, мектеп түлектерінің емтихан материалдарын қайталап, білімін бекітуге және есте сақтау қабілетін арттыруға қажетті құрал.

Іс-шараға №88 мектеп-лицейінің оқушылары, менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері, Нұр-Сұлтан қаласының тарихшы мұғалімдері қатысты.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button