Жаңалықтар

Қазақ хандығына арналды

«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінде – «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Айтулы шара осы жылы атап өтетін қазақ хандығының торқалы тойының қар­са­ңында өтіп отырған маңызды жиындардың бірі десек болады. Конференцияда ұлтымыздың ұлы тарихынан салиқалы сөз қозғайтын өзекті тақырыптар таңдап алынды. Дәлірек айтқанда, Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет ретіндегі генезис мәселелері; Қазақ хандығының дерекнамасы мен тарихнамасы; Хандық биліктің дәстүрлі басқару институттарының эволюциясы және Қазақ хандығы тарихындағы мемлекеттік нышандар секілді ауқымды мәселелер талқыланып, жан-жақты қамтылған ба­йыпты баяндамалар жасалды. Шара аясында «Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет» және «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қа­зақ­станға дейін» деп аталатын екі секция жұмысы ұйымдастырылған. Ғылыми жиынды жинақы жүргізген тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған, шараға алыс-жақын елдерден келген тарихшы ғалымдарға орнымен сөз беріп, ел тарихының өткені мен бүгініне тың тұжырымдар жасап, тарихи танымымызды терең түйсінуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, ғылыми жиын барысында «Қазақ хан­­дығына арналған» кітап көр­месі мен графика-сурет шебері Рахымжан Қасым­жан­ның «Еуразия көш­пелілері» атты графи­калық көрмесі өтті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button