Мәдениет

Қазақ киносы Кореяда көрсетіледі

Қазанның 6-сы мен 15-і аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін ХХІ Халықаралық BIFF кинофестивалінде отандық «Өліара» («Off-season») қысқаметражды фильмінің тұсауы кесіледі.

0014

Busan International Film Festival (BIFF) – Азия киноиндустриясында ғана емес, бүкіл әлемде шоқтығы биік беделді байқау. Осы додада біздің фильм «Wide Angle section: Short Film Competetion» бағдарламасында жүлдеге таласады. Отандық «Tanaris Production» кино­компаниясының өнімі – негізгі үміткерлер қатарында.
«Өліара» фильмінің қоюшы режиссері Елзат Ескендір – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, Ираклий Квирикадзе шеберханасында тәлім алған жас киногер. Фильмдегі басты рөлдерді белгілі актерлер Асылболат Смағұлов, Баян Қажынәбиева, Дулыға Ақмолда және Мақсат Әбдірахман сомдайды.
– Шығыс мәдениетін жалпақ жаһанға үлгі етуді мақсат тұтатын аталмыш жарыстың конкурс тізіміне ілігудің өзі – үлкен мәртебе. Бұйырса, терең психологиялық драмаға құрылған «Өліара» туындысы бұл фестивальден олжамен оралатынына сенемін, – дейді кинокартинаның атқарушы продюсері Дәурен Дариябек.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button