Жаңалықтар

Қазақ киносы неге қауқарсыз?

Жақында ғана Астана қаласында өткен «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» ақындар айтысында жас өрен Жандарбек Бұлғақов үндінің шұбалаңқы телесериалы «Келінді» өте дұрыс сынады. Ертең қуыршағын алдына қойып, табынып жататын бүлдіршіндер шығып жатса, еш таңданудың реті қалмайды. 

Үнді кино­сы­ның атасы атанған атақты Радж Капур кезінде «кино тұтас бір ұрпақтың тәрбиешісі» депті. Расында да тартымды, талғаммен түсірілген картиналар арқылы халықтың болмысы көрсетіліп қана қоймайды, ұлттық идеология қалыптасады. Образ арқылы елдің еңсесі көтеріліп, рухы шыңдалады. Мәселен, 1937 жылы Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов сценарийін жазған «Амангелді» фильмі біздің қазақ киносының бас­тауында тұруымен ғана емес, халық батырының кейпін дәл сомдауымен құнды.
«Ленфильм» түсіріп, атақты актер Елубай Өмірзақов ойнаған «Амангелдіден» кейін де қазақ халқының тағдыры мен болмысын бейнелейтін талай туындылар дүниеге келді. Олардың қатарында «Менің атым – Қожа», «Тақиялы періште», «Қыз бен жігіт» және тағы басқалары бар. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Экранда қазақ халқының өткен өмірін көрсететін «Абай әні», «Шоқан Уәлиханов», «Қыз Жібек», «Сұлтан Бейбарыс», «Оты­рардың күйреуі», «Махаббат бекеті», «Жам­былдың жастық шағы» және бас­қа картиналар жұрт­шылық назарына ұсынылды. Бала­ларға арналған «Қанатты сыйлық», «Менің атым Қожа», «Қызыл тас шекарасы маңында», «Көксерек», «Алпамыс мектепке барады», «Балалық шақтың кермек дәмі», «Сүйрік», «Ауылым Алатаудың баурайында» фильмдері сәтті туындылар қатарында ауызға ілігеді.
Дегенмен, кейінгі кезде қазақ киносы ұлт мұраты мен елдік идеяны ойдағыдай насихаттап жүр ме? Осы сұрақ мен қазақпын деген кеудесінде намысы бар көп азаматты мазалайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «қазақ киносы отансүйгіштікті дәріптеп, елшіл, жершіл ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуы, басқа сөзбен айтқанда, ұлттық кинодан ұлттық идея мен ұлт мұраты сезіліп тұруы керек» деп еді.
Шынын айтқанда, соңғы жылдары киномыздың көркемдік сапасына, рухани деңгейіне орынды сын айтушылар көбейіп кетті. Оған себеп болып тұрған да кейбір ұлттық намысты қорлайтын, тарихымызды бұрмалайтын, ұятсыздықты көрсететін фильмдер. «Келін», «Тюльпан», «Әке қорлығы», «Қа­раой» туындыларындағы сора­қылықтар кезінде халық қалау­лы­ларының талқысына түскенін де білеміз.
Ең бастысы, «Қайрат девственник» сияқты қызтекелік пен нәп­сіқұмарлықты жалаулатқан көркем шығармасымақтың экранға шығып кетіп, онда елге танымал халық әр­ті­сінің аузына не келсе соны айтуы, түсінген адамға барып тұрған масқаралық еді.
– Мұнымен ойнауға болмайды. Мәдени-идеологиялық майдан – өте қауіпті. Қазір шетелдің киноларын отандастарымыздың өте көп қарайтынын ескерсек, еліктеу де, солықтау да осы насихаттың нә­тижесі. Жасыратыны жоқ, біз қа­зір дамыған елдердің мәдени ық­палында кеттік. Осы жойқын қару арқылы дәл қазір көгілдір экран әр жеткіншектің санасын жаулады. Атыс-шабыс, зорлық-зомбылық, шектен шыққан қатыгездік пен өзін-өзі өлтіру күнделікті өмірде таңданыс тудырмайтын дәрежеге жетті, – дейді ғалым Нұрлыбек Сақыпов.
Рас, түсіріліп жатқан жақсы кино да жоқ емес. Мәселен, «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты шытырман оқиғалы фильм – осындай тәп-тәуір туындылардың бірі. Мұнда «Ата­манның ақырындағы» чекист Қа­сымхан тағы да көрермендерімен қауышып, егде тартқан жасына қарамастан, жұртты өзіне баурап алады. Асанәлі Әшімов бүгінгі кино талабына жауап бере алатын талғам үдесінен шығып, экшн жанрындағы керемет кино түсірген. Осындай жақсы фильмдер алдағы уақытта да шығарыла берсе дейміз.

Ең бастысы, «Қайрат девственник» сияқты қызтекелік пен нәпсіқұмарлықты жалау­латқан көркем шығармасымақтың экранға шығып кетіп, онда елге танымал халық әртісінің аузына не келсе соны айтуы, түсінген адамға барып тұрған масқаралық еді.
Енді бір мәселе – бүгінгі таңда жал­пыхалықтық аудиторияға айнал­ған телеэкран әсері. Бұл, шын мәнінде, аса пәрменді жалпыхалықтық эс­тетикалық, этикалық тәрбие мек­тебіне айналды. Оның осынау тең­­дессіз мәдени-идеологиялық қуа­тын ерте аңғарған елдер осы салаға ауқымды қаржы құйып, әлемді сериалдарымен-ақ жаулап ала бастады. Бүгінде Қазақстан көгілдір экранын толтырып тұрған – түрік, корей және үнді кинотуындылары. Осы сериалдар арқылы біз өзге елдің мәдениетін қабылдап жатқанымызды ұғамыз ба?
Жақында ғана Астана қаласында өткен «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» ақындар айтысында жас өрен Жандарбек Бұлғақов үндінің шұбалаңқы телесериалы «Келінді» өте дұрыс сынады. Ертең қуыршағын алдына қойып, табынып жататын бүлдіршіндер шығып жатса, еш таңданудың реті қалмайды. Шынында, «Келін» мелодрамасындағы жат елдің салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, тіпті, мәдениеті мен тарихының бізге экран арқылы таңылуына жол беріп отырған жоқпыз ба?
Қазір кейбір фильмдер баспалардан ақшасын төлеп, әркім шы­ғаратын сапасыз альбомдық дә­ре­жедегі өлеңдер сияқты болып кетті. Ең қиыны, соны көпшілік «Қазақфильм» шығарған деп қате түсініп, кино өндірісінің беделіне нұқсан келуде. Ал, шындығында, мұндай арзанқол картиналарды жекеменшік киностудиялар түсі­ретіні мәлім.
Обалы кәне, киноөндірісімізге кейінгі жылдары толық метражды «Шал», «Жасұлан», «Аңшы бала», «Жол сілтеуші», тағы басқа да тәп-тәуір фильмдер қосылды. Алайда, олардың көпшілігінде ке­йіпкерлер орысша сөйлейді. Басқа сөзбен айтқанда, тәуелсіз мемлекет болғанымызбен, киномыз жат тілде. Оны көпшілігі қаржыға, көрермен тартуға байланысты деп түсіндіреді. Мәселенің екінші жағына үңілсек, әрине, режиссердің түсірген киносы өзін ақтауы керек. Әйтпесе, ол екінші рет үкіметтен ақша сұрай алмайды. Дегенмен, мемлекеттік, ұлттық тұрғыдан ойлайтын болсақ, мұның болашақ зардаптары орасан болуы әбден мүмкін.
Дамыған елдер неге киносынан қаржы аямай, сүйекті-сүйекті жобаларды жүзеге асыруда. Өйткені, ол – тұнып тұрған идеологиялық насихат. Сол арқылы әлемді ба­ғын­­дырып, қарсыластарын әлсі­ре­тетінін жақсы түсінеді. Оның үс­тіне, кино адам санасына кітаптан да жедел әсер ететіні – нақты дә­лелденген шындық.
Олай болса, кино түсіру ісіне неге атүсті қараймыз? Неге көр­шілес өзбек, қырғыз (орыстарды айтпай-ақ қояйық) сияқты кө­рер­мендi қарапайым адамгершiлiк қағи­даларымен, тартымды көрі­нiс­термен баурап алатын фильмдер түсірмейміз?!. Талантты да дарынды режиссерлер бізде де жетіп артылады емес пе?!
Жоқ, біз бірінші дақпыртын кү­шейтіп, орасан зор қаржыға кино түсіреміз де, содан соң оны түкке алғысыз жасаймыз. Әрі ол үшін еш­кім де жауап бермейді.
Бұдан келешек ұрпақ зардап ше­гетінін зерделеп көрдік пе?

 

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button