Ел тынысы
Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтеді

Үндістан астанасы Дели қаласында 26-27 ақпан күндері қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 200-ге жуық балуаны қатысады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әлем чемпионаты екі күнге созылады. Онда ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Қазақстандық балуандар аталған жарысқа дайындалып жатыр.
Ұлттық құрама мүшелері 14 ақпанда Алматы қаласына жиналады. Құрама сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов, Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталғанын хабарлаған едік.