Жаңалықтар

Қазақ музыкасы – францияда

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы Францияның ең беделді концерт залдарында классикалық музыка туындыларын қояды.

[smartslider3 slider=1419]

Қазақстандық ұжым 15 желтоқсанда Сortot сахнасында, 16 желтоқсанда Мюлуздегі Theatre de la sinne сахнасында, 17 желтоқсанда Нансидегі Мэрия сарайында және 22 желтоқсанда Лиондағы «Моliere» залында концерт береді. «Еуропа тыңдармандарына қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Батыстың классикалық музыкасынан таңдаулы туындылар ұсынылады» дейді ұйымдастырушылар.

«FORTE TRIO» – пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиевтің жетекшілігімен өнер көрсететін ең танымал қазақстандық камералық-аспаптық ансамбль. Музыканттар үштігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымның құрамында жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button