Басты ақпарат

Қазақ қалай босқынға айналды?

Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылда тарихымыздың бірқатар ақтаңдақ беттері анықталып, көптеген мәселелер қайта қаралуда. Оның ішінде – 1916-1933 жылдардағы босқыншылық мәселелері. Босқыншылық туралы деректі материалдар сол тұста жарық көрген «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат» сияқты мерзімді баспасөз беттерінде біршама жарияланды. Одан бөлек, архив деректері де баршылық.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи-климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың ата қоныстарын, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері. Босқыншылық соғыс салдарынан да орын алады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты патшалық Ресейдің аяусыз басып-жаныштауы барысында орын алды.

[smartslider3 slider=3017]

1916 жылы патша өкіметі шенеуніктері тарапынан қолдау мен қорғауға ие болған орыс қоныс аударушылары қарулы топтар құрып, қазақ пен қыр­ғызды қырып жатты. Кінәлі ме, жоқ па деп қарап жатпай атып кету, өлтіріп тастау, тіпті, бала-шағасымен қырып жіберу жиі орын алуына орай бас сауғалаған 300 мыңға жуық адамды құрайтын жетісулық қазақтар мен қырғыздар Қытай жеріне асты. Соның нәтижесінде 1916 жылдың соңына қарай қазақтардың үлес салмағы  Жаркент уезінде – 73%-ға, Лепсі уезінде – 47%-ға, Верный уезінде 45%-ға азайды. Кейбір болыстарда қазақ түтіндерінің саны бірнеше есеге кеміп кетті. Мәселен, Верный уезіне қарасты Қызылбөрік болыстығындағы 1129 түтіннен 263 ғана қалып, түтін саны 4 еседен астамға қысқарды. Ресей консулының хабарлауынша, Құлжа өңірінде алғашқы қазақ босқындары 1916 жылғы тамыз айының ортасында пайда болған. 3 мың түтінді құрайтын бұл босқындарды бастапқыда жергілікті қытайлық әкімшілік елдің ішкі тыныштығына теріс әсер етуі мүмкін деп, кері көшіріп жібергісі келді. Жазалаушы отрядтардың қысымымен қазақ-қыр­ғыз босқындары көп жағдайда Қытай шекарасын бұзып өткен. Сондай-ақ қытайлықтардың шекара маңына шоғырланған қазақтар мен қырғыздарды өткізіп жіберу үшін төлем ретінде 9 жорға, 9 арғымақ, 10 мың сом және 12 жамбы алған кездері де болған. Қытайға бас сауғалап барған босқындар Шыңжаңның алты аймағына – Іле, Тарбағатай, Алтай, Қашқар, Ақсу және Байынғұлын  аймақтарына шашырай орналасты. Оның ішінде босқындар ең көп барған аймақтар Іле мен Тарбағатай болды. Шамамен 200 мыңдай босқын Іле аймағын паналады.

Қазақстан Республикасында 1920 және 1923 жылдары жүргізілген халық санақтарының және Қазақстанда жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Щвецовтың мәліметтері бойынша, 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстандағы халық саны 30 пайызға дейін азайған.

1916 жылғы оқиғадан кейін Қытайға босқан қазақтардың тағдыры туралы 1917 жылғы «Қазақ» газетінің 231 санында «Жаркент уезінің қазақтары, әсіресе Қытай жерінен қайтып келгендері һәм Қытай жерінде қалғандары ашаршылық күйде: ішіп-жеуге астығы, киюге киімі, қорғалауға үйі жоқ. Малы қырылып біткен. Адамдары жемтік жейді, өліп жатыр, қатын-баласын да сатып жатыр. Оларға азық-түлік комитеті астық сатқызбай тыйып, қалаға жуытатын емес. Өлмей қалғанын өлтірмеу үшін жәрдем керек. Жәрдем берушілер «Қазақ» арқылы жіберсе де болады, одан да гөрі тәуір болар еді, егер де Жаркент ноғай-қазақ комитетіне тура жіберсе» деген жеделхаттар жарияланып отырды. Сондай-ақ газеттің осы санындағы А.Найманқожа баласының жариялаған «Босқын қазақтардың жай-күйі» атты мақаласында: «Былтырғы 25 июнь жарлығы салдарынан Қытай жері Іле губерниясына (Құлжа сахарасына) Пержевал уезінен 9000 үй босып барған. Қашқар жағына бастығы Шәбден балалары болып, жиырманың ішінде ұлыс босып кеткен екен.

Өзім 25 апрельде Қапалдан Құлжаға келіп едім. Құлжадағы көзім көрген босқын қазақтардың халін газетке жазып, алаш азаматтарына білдіруді борыш көрдім. Бұл Құлжа алабына босып келген қазақтар орыс әскерінің талауынан қалған малдарын Қытай жеріне өткен соң, Қытай шерігі (әскері) қалмақ, Құлжа ақсақалы Нұрахұн, консул бәрі компания болып, орыс жеріне қайта айдаймыз деп қорқытып, талап алған. Ақсақал қазақтарға: «Бұл малдарың қолдарыңда тұрса, Қытай кісілері талап алады. Менің атыма шығарып беріңдер, сақтап берейін» деп, 9000 жылқыны Нұрахұн ақсақал Текеске сентябрьде айдатып жіберген екен. Осы күнге дейін жылқыдан да, Нұрахұннан да дерек жоқ. Нұрахұнның 9000 жылқыны алғанын не қылайық, бірақ Қытай жеріне азғырып өткізіп алып, орысты мынадай қылып келген қазақ-қырғыз Қытайға келіп не оңдырады, одан да құртыңдар деп, қалмақ, қытай әскеріне сөз беріп талатқаны адам баласы түгіл, хайуанға да аярлық болды деседі. Сүйтіп, үйден, малдан айрылған соң, Қытай қазақтарының жері тегіс Күнеске барып, Қытай қазақтарымен сыбайлас қыстайды. Үй, тамақ, киім жоқ. Жергілікті қазақтар жәрдем, жылу сияқты нәрсені бермеген көрінеді. Аштықтан, суықтан босқын қазақтардың жүзден үш есенің екісі өлген.

1920 жылдың күзінде ҚАКСР-де барлығы

 4 938 383 адам есепке алынған. 1923 жылы ҚАКСР-дегі халық саны 3 786 910 адам болған. Бұдан, 1920-1923 жылдар аралығында ҚАКСР-де халық санының 1 151 473 адамға кемігенін байқаймыз. Осы мәліметке қарай отырып, шамамен алғанда, азайған 1.151 мың халықтың қаншасының аштықтан, қаншасының жұқпалы аурулар мен індеттерден қайтыс болғанын және қаншасының көршілес республикаларға босып кеткенін терең зерттеу қажет

Қазірде де топалаң тиген қойдай аштан өліп жатыр. Өлгенін көмуге де халдері келетін емес. 3-4 мыңдай кісі Құлжа, Көз шаһарына келіп, тіленшілікпен күн көріп, аштан өлуден аман қалып, осы уақытқа дейін тіленшілік айтып аз-аздап болмаса, көп өлімі жоқ. Құлжадан 130 шақырым жерде аштан өлу көп.

Бостандық болған соң, Қытай үкіметі қалған босқындарды өз жерлеріне айдап салуға шерік шығарып айдатқанда көбі аштан қырылыпты. Айдап бара жатқандағы жай-күйлерін баяндап консулға арап харпімен жазып арыз беріпті.

Арыздағы сөздерден адам баласы жыламай естіп отыра алар емес. Қазір 27 апрельде Пекиннен 3 айға Қытай жерінде тұра тұруға мәулет келді. Бұл мәулетті естіп, купие алып, айдап бара жатқан қытай шерігіне кісі шапты. Бұл мәулет Құлжада Ғарф Ғабдевтің Петроградта Сыртқы істер министріне берген телеграмма арқасында болса керек.

Қазақтардың осы халін көзі көрген жігіт – мұғалім Моллағали Құлжа мұсылманының исполнительный комитетінен телеграф арқылы мұсылманы көп болған қалалардан аш қазақ халін баян етіп, жәрдем сұрауын өтінді.

Жан түршігерлік алапат босқыншылықтың енді бірі 1930-33 жылдардығы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруа­ларын отырықшыландыру және күшпен ұжымдастыру барысында орын алды. Бұл кезеңде жаппай ашаршылықтан аман қалған босқындар саны 1 млн 150 мың адамға жуық болған. Олардың ішінде Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтіп кеткен босқындар 100 мыңға жуықтаған. Сонымен қатар көрші кеңестік республикаға 300 мыңнан астам босқын бытырап кеткен

Комитет мақұл көріп, телеграф үшін қазақ ұлысынан 80 сом алып, қазақтардың халін баян етіп діндес, қандас туысқандары бар қалалардағы мұсылман комитеттен жәрдем сұрап, Құлжа комитетінің председателі Сыдық Юуашов телеграмма берді.

Келген жәрдемді дәптерге тіркеп «Уақыт», «Қазақта» есебін беріп тұру – қазақтарды аштан өлтірмес үшін Құлжадан, қырдан бөлімдер ашу, жалаңаш тіленші әйелдерге киім алып беру һәм басқару үшін Құлжа мұсылман комитеті әрқайсысына кісі сайлады.

Бұл босқын қазақтардың қатын-қыздарын Қытай солдаты, қытай, дүнген, қашқарлық сарт, қытай қазағы қатынданып алған. Қайсыбір байы тірі, тәуір қатын-қызды қытай солдаты тартып зорлық қылып алған. Құлжаның көшесінде қазақ тіленшілерінен кісі жүре алатын емес. Тіленшілік еткен қазақ әйелдерінің киімдері тозғандықтан, құрым киізден денесін жабарлық лыпа жамылып жүр. Қазақ халін көзімен көрген қазақ жігіті болса, шыдай алмайды, жылайды: қайсыбіреулері көшеде шалқасынан жығылып өлейін деп жатқаны; қайсыбіреулері шаһардың тысында, далада ауырып өлейін деп жатқаны.

Бұл қазақтардың халі кәріс мұсылмандарының халінен нашарырақ. Өйткені кәріс мұсылмандарының аштық, жалаңаштық күйін газеттерге ерте жазып, бүтін Россия мұсылманы жылу жиып, көптеп, көмектеп аштық, жалаңаштық өлімнен құтқарды. Қазақтардың 6-7 ай аштық-жалаңаштықтан өліп жатқанын ешкім білмеген. Бос­тандық туған соң, Құлжадағы оқыған білімді ноғай ағайындардың қазақ халін газеттерге жазып, әшкере қылып, жәрдем жиюға ертерек ұмтылмағандарына іш ауырғандай болды. Бәрі бір дін қарындас осындай өліп жатқанда пайда тигізбегенде, қайда тигізбек керек еді?» деп жазған мақаласы қытай жеріндегі тағдыр тауқыметін көрсетеді.

Алаш зиялылары 1916 жылғы көтерілістің басып-жаншылуы барысында босқыншылыққа ұшырап, аштан қырылып, тағдыры тәлкекке түскен бауырларын құтқаруға бүкіл елді көмек жасау­ға шақырған «Алаш азаматтары» атты үндеуін 1917 жылғы 11 маусымдағы «Қазақ» газетінің №233 санына жариялаған еді. Ол үндеудің мазмұны мынадай:

«25 июнь жарлығының кесірінен бүліншілікке түсіп, Қытайға босқан қазақтардың халдері қандай нашарлығын көзімен көрген тілші «Қазақтың» 231-нөмірінде жазып отыр. Әр жерден барған жәрдемнің қанша екенін өткен нөмірден жазып көрсетіп отырмыз. Беріліп жатқан жәрдем аш-жалаңаш қалған қазақтардың халдеріне қарағанда жоқ есебінде. Сондықтан Түркістан комитетінің ағзасы (Торғай облысының комиссары) Әлихан Бөкейханов сол комитеттің ағзасы (Жетісу облысының комиссары) Мұхамеджан Тынышбаевқа телеграмма берді: «Босқын қырғыздар үшін 200 мың сом қазынадан қарыз сұрау керек» деп. Сондай бірден берілетін молырақ суммамен қазақтар халін жиып алмаса, аздап жинаған көмек қазақтардың толып жатқан мұқтаждығының біріне жетсе, екіншісіне жетпей тапшылық қыла бермекші.

– Бір жағынан қарыз ақша беріліп, бір жағынан жәрдем жиналса, қазіргідей қымбатшылық заманда қазақ сияқты ішерге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ, паналарға үйі жоқ жұрдай болып сорлаған бүкіл мұқтаждығын өтерлік қаржы сонда ғана құралмақшы.

– Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай аз-көп демей әркім әліне қарай жәрдем ету – әуелі адамшылық, екінші ағайыншылық жүзінен кімге де болса борыш.

– Бұл айрықша етіп алаш азаматтарының ісіне салып отырғанымыз: қазақ ағайындарының алдындағы борыштарын ұмытпай өтеулері тиіс дегеніміз.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Кәдірбаев, Имам Әлімбеков, Жанұзақ Жәнібеков, Ахмет Мәметов, Елдес Ғұмаров».

1920 жылдың күзінде ҚАКСР-де барлығы 4 938 383 адам есепке алынған. 1923 жылы ҚАКСР-дегі халық саны 3 786 910 адам болған. Бұдан, 1920-1923 жылдар аралығында ҚАКСР-де халық санының 1 151 473 адамға кемігенін байқаймыз. Осы мәліметке қарай отырып, шамамен алғанда, азайған 1.151 мың халықтың қаншасының аштықтан, қаншасының жұқпалы аурулар мен індеттерден қайтыс болғанын және қаншасының көршілес республикаларға босып кеткенін терең зерттеу қажет.

1921 жылы 29 шілдеде бастап аш босқындардың қозғалысы Губэвактың мәліметі бойынша 1 қаңтарда 9217 адам тұратын губернияға келді, оның ішінде 3072 бала және 4981 жедел пойызбен келген олардың жалпы саны – 14198. Босқындар арасында жұмыссыздар көп. Семей қаласында бос үй-жайлар мүлдем жоқ, соның арқасында мекемелер де нығыздалып, кейбір ғимараттар жөнделіп, 6000 адамды қандай да бір жолмен орналастыру мүмкіндігі табылды, ал босқындар нашар жағдайда өмір сүреді. Босқындарды уездерге жөнелту бір жағынан жылы киімнің, екінші жағынан тасымалдау үшін көліктің болмауынан мүмкін емес. Губисполкоммен губернаторлық комиссия Орынбор, Мәскеу, Ново-Николаевск қалаларынан соғыс пен аштықтан босқындарға толы Семей қаласына босқындарды жібермеуді бірнеше рет өтінді. Қағаз жүзінде бұл өтініштер қанағаттандырылды, ал шындығында ағыны күні бүгінге дейін тоқтаған жоқ. Қазіргі уақытта босқындар легі күн сайын 40-50 адамды құрайды. Губерниялық комиссия өз тарапынан аштыққа ұшыраған босқындардың өмірін жақсартуға бар күші мен ресурстарын жұмсай отырып, аштықтан зардап шеккен босқындарды тамақтандыруға арналған 2 тегін асхана ұйымдастырды.

1921-1922 жылдардағы орын алған аштықтың салдарынан, 1922 жылдың соңына қарай елден кеткен босқындар туған жерлеріне кері орала бастаған. Қайта оралғандарды қарсы алу мен орналастыру жергілікті кеңестерге жүктелген. Босқындарды қарсы алатын арнаулы комиссиялар құрылған. Арнаулы комиссиялар оралған босқындарды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа да елді мекендерге орналастыру жұмыстарын атқарған. Қазақстан Республикасында 1920 және 1923 жылдары жүргізілген халық санақтарының және Қазақстанда жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Щвецовтың мәліметтері бойынша, 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстандағы халық саны 30 пайызға дейін азайған.

Жан түршігерлік алапат босқыншылықтың енді бірі 1930-33 жылдардығы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру және күшпен ұжымдастыру барысында орын алды. Бұл кезеңде жаппай ашаршылықтан аман қалған босқындар саны 1 млн 150 мың адамға жуық болған. Олардың ішінде Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтіп кеткен босқындар 100 мыңға жуықтаған. Сонымен қатар көрші кеңестік республикаға 300 мыңнан астам босқын бытырап кеткен.

Ашаршылық әу баста ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу­ден басталды. Кеңестік билік бірте-бірте орта шаруалардың да, тіпті кедейлердің де малын күштеп тартып алды. Кеңес өкіметі орнағанға дейін елді қамқорлығына алып, бағып отырған қазақ байларының көзін жойып, бұлардың бәрі «тап күресі» деген ұранмен сұрқия саясат жүргізіп отырған биліктің зұлымдығы еді. Байлар Кеңестік биліктің өздеріне деген саясатын алдын ала біліп, тәркілеуден жасырып қалған төрт түлігін айналасындағы туған-туысқандарына, кедейлерге таратып берген. Ал жарлы-жақыбайлардың жаңа үкіметке сенгені соншалықты, қолына тегін келген малды өсірудің орнына, сойып-жеп отырған. Олар «Кеңес өкіметі аштан өлтірмейтін болды» деп, біртіндеп келе жатқан ашаршылықтан сақтануға ешқандай әрекет жасамады. Келесі бір науқанда жергілікті шолақ белсенділер бай-кедей деп қарамай, үйлерді тінтіп, елдің бірлі-жарым малына да ауыз салған. Көшпелі және жартылай көшпелі елдің негізгі күнкөріс көзі – мал өнімдері болғандықтан, малдан айырылған қазақтар 1931-1933 жылдары жаппай аштыққа ұшырады. Сол кездегі газеттер ашаршылық апаты туралы тіс жармады. Жиырмасыншы жылдардың басында ашыққандарға көмектесу үшін «Помгол» қоғамы құрылған болатын, ал отызыншы жылдардағы баспасөз беттерінде ашаршылық емес, тек азық-түлік қиыншылығы деп қана көрсетілді. Керісінше, қырылып жатқан халық туралы бір ауыз сөз айтпай, ұжымдастыру мен социализм жеңісі жайында жарыса жазып жатты.

Рашид ОРАЗОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология

институтының аға ғылыми қызметкері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button