Ел тынысы

Қазақ қызының кітабы түрікше басылып шықты



Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен талантты жас қазақ қаламгері Жамиля Бақтиярқызының жеті тілде басылып шыққан бестселлері «Бәйшешек» кітабының түрік тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер, сондай-ақ, әдебиет сүйер қауым қатысты.

Шынайылық және шабытпен жазылған «Бәйшешек» кітабы Жамиляның өміріндегі жастық шағына арналған. Кітапта автордың қайсарлығы мен өмір сүруге деген ерік-жігерінің арқасында 10 жыл бойы бірте-бірте бүкіл денесіне тараған ауыр дертпен күресіп, оны жеңе алғаны туралы баяндалады.

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Түркиядағы Өкілі Ержан Уаис «Бәйшешек» кітабында қиындыққа берілмей, төтеп беру мағынаның қаншалықты маңызды екенін, оқырманды шабыттандыратын оқиға екенін және шығарманың өмірді бағалай білуге және тұлғаның өзіне деген сенімін жоғалтпауға үйрететінін атап өтті.

Іс-шара соңында Бас консул Нуриддин Аманкул Жамиля Бақтиярқызының қайсарлығы әсіресе жас буынға жігер беретінін, сондай-ақ табандылық пен үміт болса жетістіктің жолы табылатындығының дәлелі екенін айтты.

 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button