Мәдениет

Қазақ тілі мен мәдениеті форумы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы астаналық филиалының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен мәдениеті I форумы өтті.

[smartslider3 slider=2433]

Форумда мемлекеттік тілдің халықаралық қатынас саласындағы орны мен рөлі, тіл мәдениетінің қалыптасуы, қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты өзге де ұсыныс-пікір айтылып, «Қазақ тілі» қоғамының жобалары таныс­тырылды. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің, «Алтын қыран» компаниялар тобының, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының қолдауымен өтті. Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тіл жанашырлары қатысты.

[smartslider3 slider=2448]

Форумда сөз алған халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы халықаралық қатынастағы қазақ тілінің өрісін кеңейту мәселесін айрықша көтерді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ­«дипломаттарымыз шет тілдерін ғана емес, алдымен мемлекеттік тілді білуі керек» деген сөзін алға тартқан қоғам басшысы мемлекетік тілдің қолданысы бойынша енгізілген өзгерістерге тоқталды.

[smartslider3 slider=2449]

 

Жиында «Қазақ тілі» қоғамының 5 жобасы таныстырылды. Атап айтқанда, «Sözwar» сөйлесу клубы» жобасы, астаналық филиалдың «Körneki» жобасы, «QAZAQ GRAMMAR» қазақ мектебі жобасы, «Сөйле, тілім!» жобасы, «Алтын ұрпақ/Golden Generation» қазақ және ағылшын тіліндегі халықаралық топтық кіріктірілген пән олимпиадасы жобасы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар «Салауатты ұрпақ» мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге арналған дамытушы ойындар жобасы да егжей-тегжейлі таныстырылды.

[smartslider3 slider=2450]

 

Қоғам мүшелері форумда сондай-ақ қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді сөз етті.

Тіл жанашырлары Айнұр Бағдатқызы онлайн кітап саудасында қазақ тіліндегі кітаптардың аздығы мәселесі, Ақерке Абылайхан «Болашақ» стипендиат­тарының қазақ тілінің өркендетуге қосып жатқан үлесі, Аятжан Ахметжан орта білім саласындағы қазақ тілін оқыту түйткілдері туралы, Назира Байырбек шет мемлекетте қазақ тілі курстарын ұйымдастыру төңірегінде, Мақсұтбек Айтмағамбет қазақ тілінің халықаралық аренадағы мәртебесі жайында, Лимана Қойшиева тіл мәдениетінің ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны туралы әңгімелеп берді.

[smartslider3 slider=2451]

 

Іс-шарада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлы астаналық филиалдың жуырда сайланған жаңа төрағасын таныстырды. Қоғамның елордадағы филиалын бұдан былай «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты, журналист-педагог Қанат ­Әуесбай басқарады.

Форум соңында астаналық тіл жанашырлары мен қоғамның белсенді мүшелері марапатталды.

[smartslider3 slider=2453]

 Әсия Нұрбекқызы

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button