Әлеумет

Қазақ тілін меңгеру азаматтарға қандай мүмкіндіктер береді

Елдегі тегін тіл оқыту орталықтарында қазақ тілін үйренушілердің басым бөлігі – мемлекеттік қызметшілер мен білім беру саласының өкілдері, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындарды анықтау үшін мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компания өкілдері мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тест тапсырады.

– 2024 жылы диагностикалық тестілеуден 20 мың адам, сертификаттық тестілеуден 11 513 мың адам өтті. ҚАЗТЕСТ сертификаты «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы оқуға түсуге, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның педагогикалық құрамына қабылдануға, ҚР ҰҚК академиясына түсуге, Президенттік жастар кадр резервіне қабылдануға, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура мен докторантураға түсуге, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге мүмкіндік береді.

2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жоғары оқу орындарына ректорлар лауазымына тағайындалатын үміткерлерге ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тест тапсыру міндеттеліп отыр.

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін азаматтарға да қазақ тілі, Қазақстан тарихы және ҚР Конституциясы негіздерінен тест тапсыру міндеттеліп, 141 адам сертификат алды, – деп жазады ведомство мамандары.

2024 жылы жергілікті атқарушы органдардың жанындағы қазақ тілі курсынан 45 114 адам өткен.

– Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 9 398, құқық қорғау органдарынан – 4 233, білім беру саласынан – 8 892, мемлекеттік қызмет көрсету саласынан – 3 657, медицина қызметкерлері – 2 594, жеке тұлғалар – 8 752, БАҚ өкілдері – 117, халыққа қызмет көрсету орталықтары – 4 318 адам, – деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ былтыр ұлттық компаниялар 3 153 адамға мемлекеттік тіл оқыту курстарын ұйымдастырған. («Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы – 4, «Kegoc» – 1 170, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – 104, «Қазақстан темір жолы» – 944, «ҚазМұнайГаз» – 243, «Қазпошта» – 343, «Қазақтелеком» – 307, «Самұрық Қазына» – 38).

– Орталық мемлекеттік органдарда – 316 адам (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі – 20, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі – 30, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 28, ҚР Президентінің Іс басқармасы – 127, ҚР Қорғаныс министрлігі – 90, ҚР СІМ – 21) мемлекеттік тіл оқыту курстарына тартылды. «Абай институты» онлайн платформасы арқылы – 121 адам, жексенбілік мектептер арқылы – 290 адам мемлекеттік тіл үйренді, – делінген ресми мәліметте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай, Kazinform Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдаған болатын. Министрлік жауабында елдегі тіл оқыту орталықтарында өзінің ана тілін оқып жүргендердің нақты саны айтылған.

Ресми мәлімет бойынша қаңтар айында ҰБТ тапсырған талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button