Руханият

Қазақ тілін қастерлеген кеш

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызының 70 жасқа толуына орай «Тілегім – тіл мерейі» атты кеш өтті.

[smartslider3 slider=2377]

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында, сондай-ақ елордамыздың тарихында мәңгілік сақталатын ономастика саласында жүргізілген жұмыстарды насихаттау, Оразкүл Асанғазықызының өмір жолындағы ел мүддесі үшін жасаған еңбегінің өнегелі тұстарын көрсету мақсатында өткізілген бұл кеште қазақ тілінің бүгіні мен келешегіне қатысты көптеген әсерлі әңгімелер айтылды.

[smartslider3 slider=2378]

Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар қойылып, елімізге танымал өнерпаздар әннен шашу шашты.

[smartslider3 slider=2379]

Кеш тізгінін Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, беліглі журналист Дана Нұржігіт ұстады. Оразкүл өмірне қанық жүйрік журналист кеш иесін керемет әңгімеге тартып, ана тіліміз бен ұлттық рухымызды оятатын игілікті істер жайлы тереңнен толғап, тебіреніспен қайырып отырды. Ине шаншар жер қалмай, түрегеп тұрып кешті тамашалаған көрермендер де кештен керемет ой алып қайтты.

Кеш барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов арнаулы құттықтау хатын жіберіп, кеш иесін мерей тойымен құттықтады.

[smartslider3 slider=2380]

– Бұл кеш маған ғана көрсетіліп отырған құрмет емес, бұл қазақ тіліне жасалған қамқорлық деп білемін. Ұлтымыздың ең үлкен байлығы – ол тілі мен діні. Оны ардақ тұту – барлық азаматтың борышы. Тіл тәуелсіз болмай, сана да тәуелсіз болмайды. Көше атуларын қазақшалау да – рухты оятатын игілікті іс. Ендеше бұл жұмыс жаңа Қазақстанда да жаңаша бағытпен өз жалғасын табуы керек. Қазір астанада аралас тілді мектептер көбейіп келеді деп естимін. Баламызды қазақ мектептеріне бермей, қазақ тілінің көсегесі көгермейді. Осыны да ескеріңіздер, – деп елорда тұрғындарына алғысы мен өтінішін қоса білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button