Басты ақпаратМәдениет

Қазақ және әлем музыкасы әуеледі

Өткен демалыстарда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымдарының концерттері өтті.  «Қорқыт» этно ансамблі Қазақстан Композиторлар одағының 85 жылдығына орай «Туған елім саған арнаймын» атты концертін ұсынды. Симфониялық оркестр «Viva Musica» циклы аясында «Симфониялық музыка кешін», «Forte Trio» мемлекеттік триосы әлемнің атақты композиторлардың шығармалары кешін өткізді.

«Қорқыттың кеші барысында еліміздің қазіргі жетекші композиторларының шығармалары орындалды. Атап айтқанда, Балнұр Қыдырбек, Ақтоты Райымқұлова, Серік Әбдінұров, Еркін Нұрымбетов және басқа да композиторлардың туындылары әуеледі. Соның ішінде «Аспаны гауhар», «Ғасырлар сазы», «Дешті қыпшақ», «Жүрек сыры» сынды шығармалар ұсынылды.

Симфониялық оркестрмен бірге талантты музыканттар Асқар Дүйсембаев (скрипка) және Дана Дүйсембаева (фортепиано) өнер көрсетті. Олар Ф.Мендельсонның скрипка мен фортепианоға арналған концертін орындады. Сондай-ақ осы кеште симфониялық оркестрдің орындауында күй атасы Құрманғазының Евгений Брусиловский өңдеген «Балбырауын» күйі және ­Л.Бетховеннің №7 симфониясы, ор. 92 орындалды.

«Forte Trio» мемлекеттік трио­сының концерті В.А. Моцарт, Л. ван Бетховен, Й.Гайдн секілді классик композиторлардың шығармаларынан құрылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button