1 Наурыз - Алғыс айту күні

Қазақ жерінде өсіп-өндік

Жыл сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін үлкен мәнге ие болып, оның маңызы арта түсуде. Алғыс айту күні мейірімділікті, сүйіспеншілікті,  өзара көмек пен Қазақстан халқының бірлігін бейнелейді.

[smartslider3 slider=2282]

Алғыс айту күні біздің жастарға мемлекеттіліктің де, жалпы демократиялық қоғамның да негізінде халық бірлігі мен достығы жатқанын көрсетуге арналған. Бұл мерекені әр адам өзінше қабылдайды. Мен қуғын-сүргінге ұшыраған поляктардың ұрпағы ретінде, біздің ұрпақтың алғыс айту күні – ең алдымен, қуғын-сүргін жылдарында ата-бабаларымызды қабылдап, ас беріп, жылы лебізін білдірген қазақ халқына алғыс айту деп білемін. Қазақстанның қасиетті жерінде поляктардың 5-6 ұрпағы дүниеге келді. Біздердің барлық игіліктеріміз үшін қазақ жеріне алғыстымыз. Бізге пана болып, Отанымызға айналғанына алғыстымыз. Дәл осы өлке бізге тілімізді, мәдениетімізді, этностың жадын сақтауға мүмкіндік берді. Ол бізге Отанды, үйіміз тұрған жерді сыйлады. Ұлы дала халқына адамгершілігі мен мейірімділігі үшін алғыс айтамыз.

Елена РОГОВСКАЯ,

«Поляки» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button