Басты ақпаратМәдениет

«Қазақконцерттің» өнер жәрмеңкесі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Біздің жәрмеңке» атты ұлттық өнер мерекесі өтті. 

«Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының өнерпаздары көрермен назарына Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртып, дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кешін ұсынды.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Раушан Оразбаева, Айзат Қарабекова, Нұрболат Арзамасұлы, Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Тәжібаева, Дінисламбек Жайлау­бай, Біржан Айтахметов, Әлихан Дүйсенбай, Венера Табыс, Дария Бекпенбетова, Аяулым Қамажан өнер көрсетті. Бұған қоса, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен «Бірлік» би ансамблі өнерлерін ортаға салды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button