Мәдениет

«Қазақконцерттің» жаңа маусымы

«Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақконцерт» ұйымының 59-шы маусымы көрермендерге құшағын айқара ашты.

Алпыс жылға жуық халқымызды ән мен күйге бөлеп келе жатқан өнерлі ұжымның бұл кеші жоғары деңгейде өтті деуге болады. Бағдарламада музыканың барлық жанры қамтылды. Ұлттық дәстүрлі өнердің де байрағы желбіреді. Концертте өнер көрсеткен әншілердің бәрі жанды дауыста ән шырқап, талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.
Өнер кешінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзов, Мөлдір Әуелбекова, Дінисламбек Жайлаубай, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Елеусіз, Бибігүл Жанұзақ, Ермек Нұрлытаң, Күнсұлу Түрікпен, Гүлнар Көшенова секілді өнер жұлдыздарының салған әндері көрермендерге тамаша қуаныш сыйлады. Форте трио», «Солистер академиясы», «Астана сазы», «Астана мюзикл» ұжымдары мен «Назар», «Saz&soul», «Voice KZ», «Дара» сияқты эстрадалық топтардың өнері де көңілден шықты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button