Елорда тынысы

Қазақша куиз сайысы

Астана қаласындағы мемлекеттік және құрылымдық мекеме қызметшілерінің арасында қазақша куиз интеллектуалды сайысы өтті.

Бес турдан тұратын зияткерлер сайысына 17 команда қатысты. Командалар жақсы дайындықпен келіпті, әрбір тур тартысты өрбіді.

Интеллектуал сайыстар бағдарламасында төл тарих, салт-дәстүр және әдет-ғұрыпқа негізделген сұрақтар, логикалық және әлемдегі қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған арнайы тапсырмалар болды.

Сайыс қорытындысында колледж командаларынан құралған «Алаш үміті» тобы бірінші, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Мәмбетов мектебі» тобы екінші, «Астана қалалық  жарық» ЖШС ұжымының «Елім-ай» командасы үшінші орын иеленді.

Байқауға қатысушылар, жүлдегерлер дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button