Елорда тынысы

Қазақстан 48 медальмен 1 орында тұр

Астана қаласында өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 3-ші күні аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлттық құрама еншісінде 48 медаль, Қазақстан әзірге 1 орында тұр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен ұлттық құрама спортшыларының бүгінгі жарыс кестесі келесідей:

  • Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы сағат 11.00-де Ресей командасымен кездесіп, финалға жолдаманы сарапқа салады. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.
  • Ипподромда сағат 15.00-де көк бөрүден жартылай финал ойындары басталады. Қазақстан мен Түркия, одан кейін Қырғызстан мен Ресей құрамасы өз араларында финалға кім шығатынын анықтайды.
  • Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 9.00-де жамбы ату спортының жамбы стилінен қазақстандық спортшылар сынға түседі. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.
  • Этноауылда сағат 10.00-де powerful nomad спортынан абсолютті салмақ дәрежесінде Азамат Мақұлбеков сынға түседі. Финал 16.00-де өтеді.
  • «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан үшінші жарыс күні «Жамбы» нысанасы бойынша ірктеу сыны басталады. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады. Әйелдер: Динара Жақсылықова, Фариза Сабыржан, Айкөркем Батихан және Ажар Төлеуқанова. Ерлер: Ербол Тапенов, Бақберген Сәлімов, Қасымхан Қанат, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов және Жәнібек Құлмырзаев.
  • Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 10.00-де қырғыздың ұлттық белбеу күресі алыштан ерлер мен әйелдердің әрқайсы 6 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ел намысын ерлер арасында Қалмұхан Тұрмаханбет (60 келі), Нұржан Сарсенғалиев (70 келі), Әділет Жаңбыршы (80 келі), Біржан Шаймерден (90 келі), Бекбол Нұрланұлы (100 келі), Нұрдаулет Жарылғапов (+100 келі) қорғайды. Әйелдер арасында Назерке Әбілтаева (55 келі), Арайлым Ракиш (60 келі), Айнұр Ақжігітова (65 келі), Асылжан Орынбасарова (70 келі), Перизат Нұрланқызы (75 келі) және Арайлым Оразбай (+75 келі) сынға түседі.
  • «Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де арқан тартыстан іріктеу сыны басталады. Ерлер арасындағы сынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Англия құрамасының 87 спортшысы қатысады. Әр құрамадағы спортшылардың салмағының қосындысы 720 келіден асып кетпеу керек. Ал әйелдер арасында (560 келі) 4 құрама тіркелді. Олар, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан. Ал жүлделі орындар сағат 17.30-да сарапқа салынады. Ұлттық құрама сапында Ермек Жапишев, Азамат Уалиев, Дінислам Шакиртов, Руслан Жамбулов, Дамир Байгонов, Станислав Пеняев, Артем Супанев, Даурен Шарипов, Тимур Ендоянов, Алмас Жүніс бар. Әйелдер құрамасы: Айгерім Жұманова, Айжан Бейсебаева, Аңсаған Шаяхметова, Разия Мұсабаева, Алия Шакирова, Айнұр Сүйіндікова, Нұрсәуле Рахматуллина, Мадина Шыңғысбаева, Ақжан Қайырбаева, Айнагүл Байжігітова.
  • «Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де асық ату мен бес асықтан финалдық сын басталады. Асық атудан ерлер құрамасы Қырғызстан құрамасына қарсы ойнайды. Бес асық сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейге қарсы өнер көрсетеді. Асық атудан ел намысын Нуркисса Молжігітов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, бес асықтан Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан қорғайды.
  • «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде тоғызқұмалақтан финалдық ойындар өтеді. Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама сапында Бексұлтан Бостандықов, Ерсұлтан Әуелбай, Мөлдір Серікқызы және Қожанасыр Аңсаған өнер көрсетіп жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button