Ел тынысы

Қазақстан аймақтарында клининг қызметі қанша тұрады

Кейінгі жылдары кәсіпкерлік саласында клининг қызметінің тиімділігі артты. Бизнестің бұл түрі табысты бола түсті. Қазақстандықтар да үй жинау қызметін жиі тұтына бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Компаниялар сұранысқа қарай үй жинаудың бірнеше түрін қатар ұсынады. Ай сайын үй жината аласыз немесе тек ас үйдың тұрмыстық техникасы мен терезе жуу қызметін пайдалануға болады. Қызметтің қарапайым түрін таңдасаңыз, үйдің шаңын сорып, еденін жуып, жиһазды тазартады. Сонымен бірге жуынатын бөлме мен әжетхананы жуып береді. Ақысы әрбір шаршы метріне есептеледі.

Еліміз бойынша клининг қызметінің ең арзаны Көкшетауда болып шықты. Мұнда үй жинау құны шаршы метріне – 200-250 теңге. Ал шаңын сүртіп, кілемдерді тазалау, барлық жиһазды мұнтаздай ету қызметін қатар жүктесеңіз шаршы метрі – 350 теңге. Егер үйді жөндеу жұмыстарынан кейін жинау қажет болса, шаршы метріне 400-450 теңге болады. Ал терезе жуу қызметіне қосымша 3 000-4 500 теңгеден, ал балкон терезесін жуу қызметі 5 000 теңгеден басталады.

Атырауда үй жинау құны шаршы метріне – 257 теңге. Ал үй ішін толық жинап шығу құны шаршы метріне 400 теңге болады. Жөндеу жұмыстарынан кейін жинау, тазалау қажет болса, шаршы метрі 200 теңге тұрады. Сонымен бірге жалюзи тазалау үшін қосымша шаршы метріне 200 теңге төлеуі тиіс. Ал терезе жуу қызметі 1 710 теңгеден басталады. Қызмет көрсетуші компания терезе көлемі мен оның күйіне қарап бағасын өсіруі де мүмкін.

Қызылордада үй жинау құны шаршы метріне – 200 теңге. Ал үй ішін толық жинап шығу үшін шаршы метріне 400-450 теңге сұрайды. Бір пәтерді жинап шығу құны орта есеппен 30 000-50 000 теңге тұрады (пәтердегі бөлме саны мен үйдің жағдайына байланысты). Ал үйдің жинау құны 100 000-150 000 теңге деп есептелген. Мұнда бумен тазалау және дезинфекциялау қызметін пайдалансаңыз шаршы метрі 1 350 теңге тұрады.

Түркістанда қарапайым ғана үй жинау қызметі шаршы метріне 350 теңге тұрады. Ал үйдің шаңын сүртіп, жиһаздарды айнадай ету құны шаршы метріне 450 теңге деп есептелген. Жөндеу жұмыстарынан кейін клининг қызметіне жүгінсеңіз, шаршы метрі 500 теңге тұрады. Егер бір бөлмелі пәтерді жинатқыңыз келсе, 30 000 теңге төлейсіз. Екі бөлмелі пәтерді жинау қызметі 40 000 теңгеден басталады. Ал үш және төрт бөлмелі пәтерді тазалау шамамен 45 000-50 000 тұрады. Терезе жуу қызметі шаршы метріне – 1 500 теңге.

Қарағандылықтар үйді жинату үшін шаршы метріне 350 теңге төлеп жүр. Ал ұқыпты жинап шығу үшін клининг компаниясы шаршы метріне 450 теңге сұрайды. Бір бөлмелі пәтерді жинау құны орта есеппен 15 800-22 700 теңге тұрады. Ал екі бөлмелі пәтерді жинау 22 000-30 000 теңге деп есептелген. Үш және төрт бөлме қызметі – 30 000-50 000 теңге. Терезе жуу қызметі шаршы метріне – 500 теңге. Жалюзиді тазалау құны – 2 000 теңге.

Ал Ақтөбе мен Шымкентте қызмет құны шамалас. Бұл қалаларда үй жинау үшін шаршы метріне 300-450 теңге сұрайды. Үйді тыңғылықты жинау қызметі шаршы метріне 450-550 теңге тұрады. Шымкентте бір бөлмелі пәтерді жинау орта есеппен 30 000 теңге, екі және үш бөлме 35 000-45 000 теңгеден басталады. Ал коттеджді жинау құны 60 000 теңгеден жоғары. Ақтөбеде балконды жинау құны 10 000 теңгеден басталады. Сонымен бірге ыдыс жуу құны сағатына (егер қонаққа көп адам шақырсаңыз) 5 000 теңге тұрады. Ас үйдегі пешті тазалау – 5 000, тоңазытқышты жуу – 8 000 теңге, әжетхана мен жуынатын бөлмені тазалау – 10 000-15 000 теңге аралығында.

Оралда, Өскеменде және Семейде баға біркелкі. Клининг қызметі – 300-350 теңге/м². Ал жөндеу жұмыстарынан кейінгі қызмет құны – 550-650 теңге/м² (жиһаз болса да).

Оралда терезе тазалау құны – 2 000-3 000 теңге, балкон жинау құны 10 000 теңгеден басталады (ауданына байланысты). Ас үйдегі пешті тазалау – 4 000-7 000, тоңазытқышты жуу 4 000-8 000 теңге және газ плитасын тазалау 8 000 теңге тұрады. Өскеменде қысқа толқынды пешті және тоңазытқышты тазарту – 3 000-5 000 теңге, терезе жуу қызметі – 3 000 теңге. Семей тұрғындары терезені 2 500 теңгеге жудырады. Ал тоңазытқыш 3 000, қысқа толқынды пешті тазалау – 1 500 теңге. Мұнда төбені жуу қызметі – 400 теңге/м². Егер тек терезе жууға шақырсаңыз баға – 3 000, қысқа толқынды пешті тазалау – 3 000, тоңазытқышты тазалау 5 000 теңге тұрады. Үй жинау құны шаршы метріне 350 теңге болады. Ал жан-жақты тазалау қажет болса шаршы метріне 480 теңге сұрайды. Жөндеу жұмыстарынан кейін шаршы метрі 550 теңге деп есептелген.

Ақтауда үй жинау құны шаршы метріне 330 теңге тұрады. Ал ұқыпты жинау қызметінің құны шаршы метріне – 500 теңге. Жөндеу жұмыстарынан кейін тазарту құны шаршы метріне 800 теңге деп есептелген. Мұнда терезе тазарту бағасы – 2 000-4 500 теңге аралығында. Ал балконды жинау ақысы 4 500 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге (егер балкон ауданы үлкен болса) жетеді.

Талдықорғанда үй жинаудың стандарт түрі шаршы метріне – 500 теңге. Ал ұқыпты жинау түрін таңдасаңыз шаршы метрі 550 теңге тұрады. Жөндеу жұмыстарынан кейін үй жинау құны шаршы метріне 650 теңге деп есептелген. Сонымен бірге “Сәбилі боламыз” топтамасын да қолдануға болады. Бұл қызмет құны шаршы метріне 650 теңге тұрады. Бір бөлмелі пәтер құны орта есеппен – 20 000-38 000 теңге, екі бөлмелі пәтер – 25 000-45 000 теңге, үш бөлмелі пәтер 28 000-100 000 теңге (бәрі шаршы метрі мен үйдің жағдайына байланысты) тұрады.

Жезқазғанда үй жинау үшін шаршы метрі – 400, ал ұқыпты жинау құны 550 теңге тұрады. Егер бір бөлмелі пәтерді тез жинап шығу қажет болса, 20 000 теңге төлейсіз. Жөндеу жұмыстарынан кейін тазалау құны 65 000 теңге тұрады. Коттедждерді тез тазалау құны шаршы метріне – 350 теңге. Ал жөндеу жұмыстарынан кейін тазалау құны шаршы метріне 1 200 теңге тұрады. Айтып өтейік, жергілікті клининг компаниялар үй жинап шығу шығынын тегін есептеп береді.

Қонаев пен Петропавлда үй жинау құны шаршы метріне – 400-450 теңге, ал ұқыпты жинау құны шаршы метріне – 600 теңге. Петропавлда тек ас үйдің өзін 20 000 теңгеге жинап береді. Үйдің ауданы 100 шаршы метр болса, жинау құны орта есеппен 60 000 теңге тұрады.

Астаналықтар үйдің шаршы метрін жинауға 500 теңге төлеп жүр. Оған шаң сүрту, есік пен тұтқаны жуу, жиһазды қозғамай еден жуу, әжетхана мен ванна ішін дезинфекциялау, кілемді жеңіл тазарту кіреді. Ал ұқыпты жинау құны шаршы метріне – 600 теңге. Мұнда терезе, аспалы шам жуу, тұрмыстық техниканы тазарту қызметтері кіреді. Пәтер мен үйге жөндеу жұмысы жүргізіліп, оны тазарту қажет болса, шаршы метрі 700-800 теңге тұрады.

Алматыда үй жинау құны шаршы метріне – 450 теңге. Ал бар жиһазын тазартып, шаңын сүрту, қабырғасы мен төбесін тазарту секілді тыңғылықты жинау қызметі шаршы метріне 600 теңге тұрады. Жөндеу жұмыстарынан соң тазалау құны шаршы метріне 800-1 000 теңге (жинау ауқымына байланысты). Алматылықтар ай сайынғы қызмет түрін де пайдалана алады. Клининг компания жұмысшылары келіскен уақытта келіп, үй жинайды, тазалайды. Құны – 40 000-200 000 теңге аралығында. Сонымен бірге аспалы шамды 5 000-10 000 теңге жуып береді. Терезе жапқышты жуып беру құны 5 000 теңге тұрады. Ас үй жиһазын жинау, тазалау құны – 9 000-15 000 теңге. Ыдыс жуу құны 2 000 теңгеден басталады.

Павлодарда үйді бір жинап шығу құны шаршы метріне 400 теңге тұрады. Ал ұқыпты жинау құны шаршы метріне – 750 теңге. Жөндеу жұмыстарынан кейінгі тазалау құны шаршы метріне – 900 теңге. Ас үйді жинау орта есеппен 30 000 теңге тұрады.

Қостанайда үй жинау қызметінің құны 800 теңгеден басталады. Ал жөндеу жұмыстарынан кейінгі тазалау қызметі шаршы метріне 900 теңге тұрады. Мұнда балкон жинау бағасы – 5 500-20 000 теңге аралығында. Терезе жуу, тұрмыстық техниканы тазалау қызметі – 4 000-5 000 теңге. Ыдыс жуу қызметі сағатына 3 000 теңге тұрады.

Еліміз бойынша клининг қызметі Таразда қымбат болып шықты. Мұндай үйді тыңғылықты жинау құны шаршы метріне 1 500 теңге тұрады. Кейбір компаниялар шаршы метріне емес, сағатына осындай баға сұрайды. Қарапайым ғана жинап шығу құны шаршы метріне 800 теңге тұрады. Орта есеппен пәтерді жинау – 25 000-100 000 теңге.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button