Ел тынысы

Қазақстан авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды

5-7 қараша күндері Вашингтон қаласында (АҚШ) әлемдік авиация саласындағы негізгі оқиға болып табылатын жыл сайынғы Air Traffic Control Association (ATCA) 2024 конференциясы өтті. Іс-шара шеңберінде авиациялық саладағы үздік жетістіктерді дәстүрлі түрде атап өтетін беделді ATCA марапаттар бағдарламасы қарастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

ATCA марапаттар бағдарламасы үш санатты қамтиды: әуе қозғалысына қызмет көрсету, индустрия және шағын бизнес, сондай-ақ әскери еңбек жетістіктері. Ұйымдастырушылар бар-жоғы 10 номинация ұсынды. «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» солардың бірі болып табылады. Ол әлемдегі әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы үздік жетістіктерді атап көрсетеді. Жоғарыда аталған санатқа қатысу үшін                   40-тан астам елден өтінім келіп түскен.

Жыл сайынғы ATCA конференциясының қорытындысы бойынша «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» номинациясында «Қазаэронавигация» РМК жеңімпаз болып танылды. Бұл ретте, 2023 жылы аталған санатта АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) өкілдері үздік атанған болатын.

«Қазаэронавигация» РМК мамандары «Ақтөбе аудандық диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жақсарту үшін динамикалық секторға бөлуді зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы жобаны ұсынып, ол үздік деп танылдыҒылыми жұмыстың авторлары «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің әуе кеңістігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші мамандары Нұрсұлтан Томпиев, Әсет Ахметбаев және Мәди Асылханов болып табылады.

Динамикалық секторға бөлу әуе кеңістігін оңтайландыруға, авиадиспетчерлерге түсетін жүктемені азайтуға және ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігінде өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобада Вороной диаграммасының әдісін пайдалана отырып, Ақтөбе ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігін уақытша бөлудің ғылыми тәсілі қолданылды. Аталған жоба табысты iске асырылған жағдайда, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi басқа да жауапкершiлiк аймақтарында динамикалық секторға бөлуді енгiзу кезiнде осы әдiснаманы қолдану мүмкiндiгі туындайды.

«Қазаэронавигация» РМК мамандары Қазақстанда алғашқы болып беделді халықаралық ATCA сыйлығын алып отыр. Бұл еліміздің авиация саласын дамытудағы және оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

13 қараша 2024

Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды

12 қараша 2024

Көлік саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды

12 қараша 2024

️ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

12 қараша 2024

КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

11 қараша 2024

Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалының жәй-күйімен танысты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button