Ел тынысы
Қазақстан – BTR бойынша әлем чемпионы
Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.
Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.