Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ 34 ОРЫНДА

mapa-flagi-wiataАҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария және басқа елдердің ғалымдарынан құрылған Халықаралық сарапшылар тобы жыл сайын Ресей ғылым академиясы Экономикалық зерттеулер институты базасында әлемдегі 100 мемлекеттің экономикалық даму рейтингісін жасауды дәстүрге айналдырған. Биылғы зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан 34 орынға көтерілген.

Рейтингті жасау барысында  нақты бір мемлекеттің интегралдық қуатын анықтау үшін экономикалық индикаторлардан бөлек, сол елдің ішкі саяси тұрақтылығы, сыртқы саясаты, ұлттық қауіпсіздігі, мемлекет пен оның басшысының әлем алдындағы беделі, халықаралық қатынастардағы бастамалары негізге алынған. Тізімдегі алғашқы ондықты АҚШ, Еуропа одағы, Қытай, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Үндістан, Бразилия сияқты мемлекеттер бастап тұр.

«Біздің есебіміз бойынша 2025 жылы әлемдік рейтингте Қазақстан 10 орынға ілгерілеп, 24 орынға дейін көтеріледі» дейді Халықаралық сарапшылар тобының мүшесі ресейлік профессор Александр Агеев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button