Қоғам

Қазақстан газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтеді

2024 жылы Қазақстанда 59 млрд м³ газ өндірілді. 2025 жылы өндірісті 62,8 млрд м³ дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Өсіп келе жатқан газ сұранысын қанағаттандыру үшін Қашаған мен Жаңаөзен қалаларында жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы  жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында жаңа «Барханная» кен орны пайдалануға беріледі.

Елді газдандыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. 2024 жылы Қазақстан халқының 61,8%-ы газға қол жеткізді. 2025 жылы газ тарату желісін одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Бірқатар ірі газ құбырларының құрылысы аяқталып жатыр. 2024 жылы Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарында газ құбырларының жаңа учаскелері пайдалануға берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button