Қазақстан-Германия: форум, көрме және іскерлік кездесу
Астана қаласында «Қазақстан мен Германияның жобалары» тақырыбындағы бизнес-форум басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараның мақсаты – екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін түрлі салалардағы халықаралық серіктестіктің табысты үлгілерін және әр түрлі салалардағы инновациялық шешімдерді көрсету.
Сондай-ақ форум аясында инновациялық көрме ұйымдастырылып, онда Қазақстан мен Германияның бірлескен ірі жобалары ұсынылды. Жобалар энергетика, машина жасау, логистика, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылық өнімдері сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Жалпы көрме алаңы 850 ш. м. Құрайды. Сыртқы экспозицияда CLAAS XERION 12.540 тракторы мен «Промашкомплект» ЖШС дөңгелектер жинағы ұсынылады. Алаң ішінде 13 компанияның стендтері орналастырылады, олардың ішінде СП ТОО «HANSA»/«HANSA Consortium» – Skymax, НК «Қазақстан темір жолы»/«Deutsche Bahn AG/DB E.C.O. Group» ақпараттық стендтері және басқа да экспонаттар көрсетіледі.
Көрме Қазақстан мен Германия арасындағы серіктестіктің жетістіктері мен болашағын көрсетеді, екі елдің өкілдері арасында маңызды жобаларды талқылау және тәжірибе алмасу үшін бірегей мүмкіндік береді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында «Aurubis AG» бас директоры Торальф Хаагпен кездесу өткізді.
«Aurubis AG» Еуропадағы ең ірі мыс өндіруші және әлемдегі ең ірі мыс өңдеуші компания болып саналады. Негізгі қызмет түрі – мыс концентраттарынан, мыс сынықтарынан және қайталама шикізаттан мысты катодтар алу үшін мысты тазарту.
Қосымша арнайы өнімдер ретінде компания мыс өндірісінің барлық маңызды жанама өнімдерін шығарады және сатады. Оларға алтын, күміс, қорғасын, никель, қалайы, мырыш және теллур, селен (Retorte GmbH Selenium Chemicals & Metals), темір силикаты (Peute Baustoff GmbH) және синтетикалық минералдар сияқты жанама өнімдер кіреді.