Жаңалықтар

«Қазақстан халқы ассамблеясы – 20 игi iс» эстафетасының символы – «Тайқазан» 21 сәуiрде Астанаға жеткiзiлiп, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайына орнатылады. Елордада бүгін «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы алаңнан басталатын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында автошеру өтеді. Бас шаһарда жыл басынан бері азаматтар ішкі істер органдарына ерікті түрде 976 жарақаттағыш қару тапсырып, оларға отыз алты миллион теңге төленді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Олимп» клиникалық диаг­ностикалау желісінде соғыс ардагерлеріне медициналық қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі. 19 сәуірде елордада «Мемориалдық аймақ» іздеу отряды Әлия Молдағұлова ескерткіші жанынан темір жол вокзалына дейін жаяу әскерлер маршын ұйымдастырады. «Дәулет» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Жүсіпованың жүлдесі үшін көркем гимнастикадан ІІІ халықаралық турнир басталды. «Хас талант» өнер галереясында жас сурет­шілерді қолдау мақсатында «Өнер тынысы» атты көктемгі көркем салон ашылды. «Алау» мұз сарайында допты хоккейден 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа Астана, Орал, Петропавл және Хромтау қалаларының құрамалары қатысуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button