Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері және т. б. қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Отырыс барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктерін, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда ҚХА-ның рөлін ерекше атап өтті.
Кеңес жұмысы барысында Евгений Кочетов Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.
Сонымен қатар Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Кеңесінің жаңартылған құрамын қарастырып, ҚХА Аналар кеңесінің Үлгілік ережесін бекітті.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Мерейтой аясындағы басты іс-шара – 23-24 сәуірге жоспарланған ҚХА-ның ХХХІV сессиясы болмақ.