Қоғам

Қазақстан мұнайына 125 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев салтанатты жиында мұнай-газ саласы қызметкерлерін атаулы күнімен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Министр іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, мұнай өнеркәсібінің ұлттық экономикадағы маңыздылығын атап өтті. Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің арқасында өндіріс нығайып, технология дамып келеді.

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде отын-энергетика кешені еліміздің барлық экономикасының дамуының локомотиві болды. Бір ғана мұнай-газ секторы ел бюджетінің 44 пайызын құрайды», — деді А.Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде мұнай-газ саласында еліміздегі жалпы жұмысшылардың 12,3 пайызы немесе шамамен 1,1 миллион адам жұмыс істейді, бұл саланың Қазақстандағы еңбек нарығы үшін маңыздылығын көрсетеді. Мұнай өнеркәсібі де экономиканың басқа салаларының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп, қомақты инвестиция тартуда.

«Бүгін Қазақстан Республикасында 83 тау-кен өндіруші кәсіпорын – жер қойнауын пайдаланушы мұнай мен газ конденсатын өндіреді. Мұнай-газ саласындағы қызметкерлер саны 76 772 адамды құрайды, оның 75 605-і қазақстандық жұмысшылар», — деді ол.

Салтанатты жиын аясында министр саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, мерейтойлық медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.

Атап айтсақ, II дәрежелі «Достық» орденімен «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы Н.Қ.Абдрасулов, «Құрмет» орденімен «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының» Төралқасының төрағасы Р.Х. Жақсылықов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен — мұнай-газ кешенінің ардагері М.М.Ізбергенов, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ң ұңғымаларды зерттеу жөніндегі 5-дәрежелі операторы К.Ж.Көбешов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының 5-дәрежелі жөндеуші-слесарі  М.Н.Тасмұратов және т.б.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button