SportБасты ақпарат

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады

00

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button