Ел тынысы

Азия ойындарындағы аралас эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді

IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Команда сапында Астана қаласының спортшылары – Әділ Ғалиахметов пен Ермек Малика өнер көрсетіп, жүлдеге өз үлестерін қосты.

Харбинде IX Қысқы Азия ойындары аясында шорт-тректен жарыстар өтті. 2000 метрлік аралас эстафетаның ширек финалында қазақстандық команда Жапония мен Тайбэй құрамаларынан озып, 2:45.431 есебімен бірінші болып мәреге жетті.

Жартылай финалда спортшыларымыз екінші орын алып, финалға жолдама алды.

Шешуші сында Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алып, екінші орынға ие болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button