Елорда тынысы
Қазақстан құрамасы 7 орынға жайғасты
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/10/849096ff-6076-44e1-bff1-96bce6feb3f3-780x470.webp)
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті.
Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда 7-орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.
Айта кетелік, аталған турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.