Қазақстан құрамасы Аргентинадан ірі есеппен жеңілді
Кеше футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинадан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Кездесу барысында бірінші кезеңде қос құраманың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен қарсыластар ол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алған жоқ. Екінші кезеңде аргентиналық футзалшылар қатарынан төрт гол соғып кетті. Оны Матиас Роза 21, Анхель Клаудино 26, Кевин Арриета 32, Себастьян Корсо 32-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ойынның 35-минутында Дәурен Тұрсағұлов айып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды. Қазақстан құрамасы қақпасына белгіленген пенальтиден аргентиналық Кевин Арриета мүлт кеткен жоқ. Ал, қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов 33-минутта есеп айырмасын қысқартса, аргентиналық Лукас Боло-Алемани 33-минутта есепті үстемелей түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:6 есебімен есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есебімен есе жіберсе, биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Енді Аргентина құрамасы 3 қазанда жартылай финалда Франциямен ойнайды.
Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.
Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Қазақстан құрамасы қазірге дейін әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Биыл әлем чемпионатында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғады.