Ел тынысы

Қазақстан Азия чемпионатында жүзуден 20 алтын медаль жеңіп алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні қазақстандық спортшылар 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

А тобы:

Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй-алтын
Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м – алтын
София Сподаренко, 50 м баттерфляй -алтын
Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м – күміс

В тобы:

Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м – алтын
София Абубакирова, 50 м баттерфляй – алтын
Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй – алтын
Арсен Қожахметов, 200 м брасс – қола
Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль – қола

Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Бұл нәтиже отандық құрамаға Жапониядан кейін командалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді (36 алтын, 20 күміс, 15 қола). Сондай-ақ қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.

Ертең 1 наурызда суға секірушілер жарысы аяқталады. Қазір біздің қоржында 1 алтын, 3 күміс мен 1 қола медаль бар. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтеді, ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button