SportБасты ақпарат

Қазақстан құрамасының қоржыны 2 алтын, бір күміс жүлдемен толықты

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 5-інші күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын, бір күміс жүлдемен толықты.

003

Ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жәзира Жаппарқұл қос сайыс қорытындысы бойынша 259 келі салмақты бағындырып күміс жүлде жеңіп алды. Қытайлық Сян Янмей алтын алса, қола жүлдені мысырлық Сара Ахмед олжалады.

005

Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нижат Рахимов сайыс қорытындысы бойынша 379 келімен әлем рекордын жаңартып Олимпиада чемпионы атанды. Қытайлық Лью Сяоцзюн күміс, ал мысырлық Мохаммед Махмуд қола медаль жеңіп алды.

004

200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында қазақстандық Дмитрий Баландин үздік уақыт көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Дмитрий Баландин – суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы.

006

Бокстан 48 келіде ел намысын қорғаған Біржан Жақыпов ширек финалда өзбекстандық боксшы Хасонбой Дусматовқа ұтылып, жарысты аяқтады.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен әзірге11-орында тұр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button