Қоғам

Қазақстан – Қытай шекарасында үшінші өткізу бекеті ашылады

Көлік министрі Марат Қарабаев Ресей және Қазақстан Премьер-министрлерінің кездесуінен кейін БАҚ өкілдеріне көлік-логистика саласындағы екіжақты жобалар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Біз ұсынып отырған үлкен жоба – Қытай Халық Республикасымен шекарадағы үшінші жаңа теміржол өткізу бекеті. Бұл өткізу бекеті Бақты-Аягөз теміржол тармағын салуға қосымша мүмкіндік береді. Бұл транзиттік бағытқа арналады. Осы тармақтың арқасында Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Ресей арасында өтетін тауар тасымалы артады, – деді министр.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан шекараларында тұрған 12 өткізу бекеті жаңғыртудан өтетінін айтты.

– Ресеймен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттері туралы атпай кете алмаймын. Біз биыл 6 өткізу бекетін жаңғыртуды бастаймыз. Бұл олардың өткізу қабілетін 2 еседен астам арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда үйлесімді жұмыс туралы талқыладық. Яғни, бір жақта өткізу бекеті жаңғыртылып жатқанда екінші жақта да сондай жұмыс жүріп жату керек деп отырмыз. Жаңғырту кезінде ол бекеттер жабылып қалмай, белгілі бір форматта жұмыс істеп тұру керек деген мәселені де пысықтадық, – деді Көлік министрі.

Аталған кездесуде Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан Еуразиядағы тоғыз жолдың торабына айналатынын айтқан болатын.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button