Қоғам

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет жеткізуді ұлғайтады

Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Сондай-ақ тараптар біздің елімізден ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізгені атап өтілді.
«Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Азат Сұлтанов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button