Ресмиет

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясының 2012 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының  жер мәселелеріне ерекше мән беріп және соған байланысты мемлекеттік органдарға бірталай тапсырмалар жүктелгені белгілі.

Осыған орай, бүгінгі таңда Инспекция тарапынан жасалып жатқан жұмыстар Елбасының 2011 жылғы 17 сәуірде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, 2012 жылғы 27 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында тұрғын үй жерлеріне түгендеу жасау және 2012 жылғы 11 сәуірде Астана қаласын одан әрі орнықты дамыту жөніндегі кеңесте және қала маңындағы жерлерге қатысты берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде жалғастырылып келеді.

Осы бағытта, Инспекция тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда:

Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары бойынша

Инспекция жергілікті атқарушы органға пайдаланылмайтын жер учаскелерін соттан тыс әдісімен біржақты тәртіппен жалға беру шартын бұзу жолымен қайтару шараларын қолдануға бақылауды күшейтуге, сондай-ақ, оларды иесіз мүлік ретінде есепке алу жұмыстарын жеделдетуге хаттар жолдады.

Нәтижесінде, тиісті шаралар қолданылып, пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтару мен оларды иесіз мүлік ретінде есепке алу жұмысы жеделдетілді.

2011 жылғы 27 маусымдағы Астана қаласы Әкімінің № 97-29-ө өкімі негізінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді тексеріс жүргізу үшін Жұмыс тобы құрылды.

2011 жылы жұмыс тобы ауылшаруашылығы жерлерін тексеру нәтижесі бойынша ауданы 18,4 мың га. пайдаланылмайтын 231 жер учаскелері анықталды. Оның ішінде:

  1. Ауданы 11,7 мың.га жерде орналасқан 105 жер учаскесі бойынша Астана қаласы бойынша жер қатынастары басқармасы құзыреті шеңберінде иесіз мүлік ретінде есепке алу және келісім-шарттарды бұзу арқылы жұмыстарды атқаруда.
  2. Ауданы 6,7 мың.га жерде орналасқан 126 жер учаскесі бойынша Астана қаласы бойынша аумақтық жер Инспекциясы жеке меншік құқығындағы ауылшаруашылық жерлерге тиісті шаралар қолданды.

Инспекция ауданы 4,7 мың.га жерде орналасқан 94 жер учаскелері бойынша оның ішінде 60 жер учаскесі бойынша әкімшілік шара қолданылып тиісті нұсқамалар берілді.

Қазіргі уақытта 60 жер учаскесі бойынша бақылау тексеріс жұмыстары жүргізіліп аяқталуда. Қорытындысы бойынша пайдаланбайтын жер учаскелері бойынша сот органдарына шағым арыздар арқылы мемлекет меншігіне қайтарылады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарының нәтижелері

          Жеке тұрғын үй құрылысына түгендеу жұмыстарын белгіленген уақытта жасау үшін, тиісті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп жауапты тұлғалар белгіленді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу нәтижелерінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қабылданды.

Түгендеумен қамтылған 29,4 мың жер учаскелердің ауданы 42,0 гектарды құрайтын. Жұмыс тобы  405 жер учаскелері бойынша материалдарды Инспекцияға шара қолдану үшін жолданған, олардың ішінде:

– ауданы 1,3 га өз бетімен басып алынған 25 жер учаскелері бойынша 2,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, ұйғарымдар берілді;

– ауданы 2 га астам 80 учаскелер бойынша жерды нысаналы мақсатына сай емес пайдалану фактілері анықталды, олар бойынша 984 мың. теңге көлемінде айыппұл салынып, ұйғарымдар берілді.

–           177 учаске бойынша ҚР Жер кодексінің 94 бабының талабы бойынша жазбаша түрде ескертулер берілді, яғни оларға 2013 жылы бақылау тексерісі жүргізіледі.

–            131 жер учаскесі бойыншажер заңнамасының бұзушылығы анықталмады(2011-2012 жылғы азаматтық- құқықтық келісім шарт, яғни жер учаскелерін пайдалану мерзімнің аяқталмауы, жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану  фактілерінің болмауы, сонымен қатар тұрғын үй жерлері қорынан коммерциялық объектілерге шығарылып  сәйкес құжаттары бар).

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтарды жою үшін бақылаутексерістер жүргізілуде.

Жер телімдерін заңсыз басып алу фактілері бойынша жұмыстарға бақылау

Астана қаласы бойынша жер заңнамасын бұзудағы басты және көкейкесті заң бұзушылық,  ол жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алу фактілері болып табылады.

Ағымдағы жылы,  жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алудың 264 фактісі анықталды, (барлығы 200 субъект).

Мемлекет құзырындағы жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алу фактілері бойынша барлығы 28 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды, ол барлық салынған айыппұлдардың 92 пайызын құрайды.

Аталған фактілер бойынша, жерлерді босату жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.

Астана қаласындағы жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алу фактілері, негізіненжер телімдерінің уақытша пайдалануға берілген мерзімдері аяқталып олардың қайтарылмағандығынан немесе дер кезінде жалға алу мерзімін ұзартпағандығынан (атап айтқанда ЖТҮ – 26, бильбордтар -92, павильон, киоскі, магазин, кафелер барлығы – 37, қоршаулар орнатутұрғын үйлер мен сауда саттық ғимараттардың айналасына (36), берілген жер телімдерінің сыртынан қосымша ғимараттар мен үйлердің іргетастарын тұрғыз (31), темір гараждар, вагондар, және контейнерлер орналастыру (3), автотұрақтар мен дөңгелек жөндеу шеберханалары (8), сонымен қатар саяжай мақсатында берілген жерлерге тұрғын үй құрылыстарын салу сияқты, белгіленген тәртіптерге сай қажетті идентификациялық құжарттары рәсімделмеген.

Жалға пайдалануға берілген жер телімдерін уақытында қайтармауларына байланысты билбордтарды заңсыз пайдаланғаны үшін «Елорда Жарнама» ЖШС – 23 нысан, «Реклам Сервис» ЖШС – 22 нысан, және «РТС Деко» ЖШС – 22 нысан, аталған кәсіпорындар әкімшілік жазаға тартылып оларға бір заңды тұлға ретінде, белгіленген мөлшерден үш есе көп айыппұлдар салынды.

Бақылау тексерістерінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жер заңнамасының 164-1 бабына сәйкес, Астана қаласы Жер қатынастары басқармасына, сотқа жүгіну арқылы аталған жер телімдерін мемлекет құзырына қайтып алу 127-ден астам заң бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік істер жолданды.

Инспекция, жер қатынастары басқармасы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, Астана қаласының үш аудандық әкімшіліктерініңқатысуымен жерді өз еркімен басып алу фактілерін болдырмау мақсатындажұмыс топтары құрылып, құрылған тұрақты жұмыс комиссияларының қатарында, жерді өз еркімен басып алудың жолын бермеу үшін өткізілетін іс-шараларға қатысуда.

 Коммерциялық құрылыс объектілеріне арналған, бірақ  пайдаланбай жатқан жеке меншіктегі жер учаскелеріне бақылау жұмыстары

           Инспекция тарапынан, 2012 жылғы 11 сәуірде Астана қаласын одан әрі орнықты дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласында коммерциялық құрылыс мақсатында жеке меншіктегі игерілмей жатқан жерлерді мемлекет еншісіне қайтару жөніндегі тапсырмаларының орындалуыбойынша  Астана қаласының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органмен біріге тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осыған орай, Астана қаласының прокуратурасының денгейінде  жұмыс тобы құрылып,кәзіргі уақытта шаралар қолданылып жатыр.

Инспекцияда 199 пайдаланбай жатқан жер учаскелеріне жазбаша түрде ескерту беру жұмыстары жүргізіліп жатыр (прокуратурадан -37, ЖҚБ- 162),  коммерциялық құрылыс объектілерін салуға  арналған жалпы ауданы 897 га.

199 коммерциялық құрылыс объектілерін салуға арналған жер учаскелерінің ішінде 85 учаскесі ауданы 284,7 га жер сату жолымен иелері өзгертілгені анықталды,  одан басқа 28 учаскенің игеру уақыты өтпеген екен.

Инспекция атынан,  ҚР Жер Кодексінің 94 бабы бойынша 94 учаске бойынша ауданы 491 га жер учаскелеріне жазбаша ескертулер оларға 2013 жылы бақылау тексерістері жүргізіледі.

Ал қалған 78 жер учаскелері бойынша ескерту беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни субъектілердің жоқ болуы немесе келмеуіне байланысты, Астана қаласы Ішкіістер басқармасына бұзушылықты болдырмау үшін жер учаскесі иелерін алып келу үшін өтініш хаттары жіберілді. Осы мәселе бойынша Астана қаласы прокуратурасына хат жолданды.

Пайдаланбай немесе жер заңнамасын бұзып пайдаланатын жер учаскелерін сот органдарынымен мәжбүрлі түрде алу жұмыстары

Инспекциядан ауданы 45 га астам 40 жер учаскесі бойынша сот органдарына пайдаланбай немесе жер заңнамасын бұзып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алу үшін талап арыздары жолданды (пайдаланбай жатқан 4 учаске – ауданы 41 га, нысаналы мақсатына пайдаланбай жатқан 28 учаске -4 га

Инспекция жалпы айтқанда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Жердiң пайдаланылуына бақылау жүргізудің 1500 гектар жер аумағында 700 заң бұзушылық фактілері анықталды, осыған орай 25-ескерту беріліп, 430 заң бұзушылық іс-әрекет жасаған жауапты тұлғаларға 30 млн. теңге көлемінде айып-пұл салынды. Салынған айып-пұлдың  25 млн.теңгесі теңгесі өз-еркімен өндіріліп алынып, 5 млн.теңгесі мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларына жолданды.

Негізінде Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясының құзыретіне жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің 2011-2015 жылдардағы Стратегиялық жоспарында қойылған тапсырмаларды орындау аясында, Инспекция тарапынан анықталған бұзушылықтар мен айыппұлдардың өндірілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

Қазіргі уақытта, жер заңнамаларының бұзылушылығын жою мәселелерi бойынша берілген нұсқамалар мен анықталған заң бұзушылық фактілері, Инспекция тарапынан бақылауда тұр.

 Бас жоспарға сәйкес Астана қаласының аумағы және болашақта қалай кеңілтілмек

         Астана қаласының 2011 жылғы жер балансының есебі бойынша Астана қаласының аумағы (көлемі)  72,2 мың.га құрайды, оның ішінде:

20,1 мың гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер,

26,6  мың гектары елді мекендер орналасқан жерлер,

2,6 мың гектары өнеркәсіп-өндіріс,  көлік және қорғаныс  мақсатындағы жерлер,

16,0 мың гектары  орман қорының жерлері,

4,4 мың гектары  су қорының жері

Астана қаласы бас жоспарын   2030 жылға дейін түзету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы   30 шілдедегі № 884 «Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен жобасы аталған жоба бекітілген болатын.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №71 қаулысымен Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекараларын белгіленді.

Кәзіргі уақытта қала маңының аймағы 1 млн. 172 мың гектарды құрайды, оның ішінде Аршалы ауданында 238,7 мың га, Целиноград ауданында 234 мың га, Шортанды ауданында 699,9 мың га.

Астана қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекарасының ішінде  Аршалы ауданы бойынша  190,7  мың га, Целиноград ауданында 66,3 мың га, Шортанды ауданында 491,5  мың гектар жерлер бар.

 Бүгінгі таңда Астанада қанша адам жер телімін алуға кезекте тұр?

Қаланың жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, Астана аумағында 2030 жылға дейін үй салуға арналған 44,7 мың.га жер телімін бөлу жоспарланған.

Қазіргі уақытта оның 29,4 мың.га жер телімі бар. Қалған 15 мыңға жуық жер телімі 2030 жылға дейінгі кезеңде бөлінуі мүмкін.

Үй салғысы келетін 96 мыңнан аса адам Астанада жер телімін алу кезегінде тұр, оның 1767-сі льготных условиях– Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер.

Астана әкімдігі мемлекет уәде еткен 10 сотық (мың шаршы метр) жер 2013 жылы да берілмейтінін хабарлады.

Астанада жерге деген сұраныс қаланың жер қорының мүмкіндігінен алты-жеті есе көп. Астана қаласы бойынша жер қатынастары басқармасы мамандарының айтуынша, биылғы жылдың он айында ешкімге жер берілмеген. Негізгі себеп – қажетті инженерлік-коммуникациялық желінің жоқтығы.

 Жер телімін беру рәсімінде қандай да бір қиындықтар бар?

          Кейінгі кезде осы төңіректегі сұраныс қала мүмкіндігінен 6-7 есе артып кетіп отыр. Мұның бәрі «іс жүзінде республикадағы кәмелет жасына толғандардың барлығы елордадан жер алуға құқылы» деген ұғымға байланысты болып отыр.

 «Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерін бөлу – бүгін таңдағы күрмеуі қиын ең өткір мәселелердің бірі. Осы бағытта біздің тұрғындарға нақты, дұрыс ақпарат жетпей жатады. Ең бастысы, құзіретті органдар бекіткен жер телімдерін берудің қатаң тәртібі бар. Екіншіден, ереже, тәртіп болғанымен, берілетін бос жер телімі жоқ».

Жер телімдерінің берілмеуінің тағы бір себебі бар.

«Жұрт қала аумағы көрші облыстың Астана іргесіндегі жерлері есебінен кеңейтілгенін жақсы біледі.  Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың бұрынғы иелерінің жерлерін үй салатын жеке меншік иелеріне алып беруге қала әкімдігінің құқы жоқ. Оның үстіне республика астанасы ретінде Астана қалалық инфрақұрылымды дамытуы тиіс. Қанша тырысқанмен, Қазақстанның бүкіл азаматтарына қала ішінен жер бөле алмайды».

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жұмысының тиімділігі көп жағдайда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылға тәуелді.

Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын жерлер, сондай-ақ мемлекеттік жерлердің заңсыз басып алу байланысты тиісті шара қолданумен анықтауда өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Инспекциямен жер қатынастары басқармасымен ынтымақтастық Меморандумы ж8зеге асырылуда.

Инспекция Қазақстан Республикасы жер заңнамасының, оның ішінде жер учаскесіне мемлекеттік және жеке меншік құқықтарының бұзылуы мәселесі бойынша, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас-жемқорлықпен күресу  заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды телефондармен: (7172) 32-10-05, 32-35-38 немесе мекен-жаймен: Астана қ. Желтоқсан к, № 25 ғимарат, 202 кабинетке хабарласуға болады.

 Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор 

Астана қаласы бойынша аумақтық Жер инспекциясы бастығының м.а                       

 С. Жаубасов


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button